Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қамқорлық пен сүйіспеншілік – парызымыз  - АРҚА АЖАРЫ

Қамқорлық пен сүйіспеншілік – парызымыз 

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні

Бала өмірдің шырағы, отбасындағы бақыттың қайнар бұлағы, ата-ананың көз нұры. Мына жарық дүниеге аппақ парақтай болып келген сәби айналасындағы ортаның жағдайына байланысты қалыптасып, адами құндылықтарды бойына сіңіреді, тұлға болып жетіледі.

1 маусым – Қазақстандағы балалар үшін ерекше күн. Балаларды қорғау күнінің пайда болу тарихы 1925 жылы Женевада Ұлттар Лигасы ұйымдастырған Халықаралық балалар конференциясынан басталды. Конференция барысында Балаларды қорғау күнін белгілеу туралы шешім қабылданып, бұл күн бүкіл әлемдегі балалар құқығын қорғаудың символына айналды. Бастапқыда Балаларды қорғау күні әртүрлі елдерде әртүрлі уақытта атап өтілген екен. Бірақ 1950 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы 1 маусымды Халықаралық балаларды қорғау күні деп белгілеп, осы мерекені әр елге енгізу және оның халықаралық мереке ретіндегі маңызын күшейтуге күш салды. Содан бері жыл сайын 1 маусым әлемнің көптеген елдерінде балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналып, іс-шаралар өткізілетін дәстүрлі күнге айналды. Бұл күні Қазақстанның барлық қалаларында балалардың құқықтарын қорғауға арналған түрлі шаралар өткізіледі. Ойын алаңдарында, саябақтарда, балабақшаларда балалар құрметтеледі, сыйлықтар алады.

Жалпы, Қазақстандағы Балаларды қорғау күні – балалық шақ әрбір баланың өміріндегі ең маңызды және ұмытылмас кезең екенін, оны қорғауға, бақытты етуге бар күшімізді салуымыз керектігін еске салатын жарқын да көңілді мереке.

Бүгінде Ақмола облыстық білім басқармасы қарамағындағы білім беру ұйымдары балалардың сапалы білім мен саналы тәрбие алулары үшін жоспарлы жұмыс жүргізіп, материалдық-техникалық база мен инфрақұрылымды жақсартуда. Мәселен, соңғы үш жылда облыста 11,3 миллиард теңгеге 67 білім беру ұйымы күрделі жөндеуден өтті. Биыл бұл жұмыс әлі де жалғасын табады.

Облыстағы білім беру нысандарын терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, облыстың білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда барлық білім беру нысандары 100 пайыз бейнебақылау камераларымен жабдықталған.

«Инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық кабинеттерінің желісін кеңейту» жоспары шеңберінде 2024 жылдың соңына дейін 375 миллион  теңге сомасына инклюзивті білім беруді қолдауға арналған 30 кабинет ашу жоспарланып, бүгінде оның 13-і жасақталып, іске қосылды.  Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігі өкілдерінің қатысуымен 4 кабинет салтанатты жағдайда ашылды. Сөйтіп, Жақсы ауданының «Запорожье ауылының орта мектебінде, Бурабай ауданындағы Щучинск қаласының №8 мектеп-гимназиясында, Сандықтау ауданы Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебінде, Бұланды ауданы Макинск қаласының мектеп-гимназиясында аталмыш кабинеттер инсклюзивті білім алуға мұқтаж балалардың игілігіне берілді. Сондай-ақ, облыс аумағында коррекциялық түзетулерді қажет ететін балалардың үздік білім алуын қамтамасыз ету үшін Есіл қаласы мен Қорғалжын, Егіндікөл аудандарындағы 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттеріне  84 миллион теңге қаржыға арнайы газельдер сатып алынады.  2023 жылдан бастап барлық 1-4 сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылды. «Жаппай оқыту» қоры есебінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан 9564 бала мектептерде 2 миллиард теңгеге тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Ақмола облысында депрессиялық, мазасыздық бұзылыстары бар ересектер мен балаларға, сондай-ақ, дағдарыс жағдайындағы адамдарға кешенді және практикалық көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында білім басқармасының жанынан психологиялық қолдау орталығы құрылды.

Мектептерде балалар жалпы орта білім алып қана қоймай, қосымша да білім алады. Сабақтан тыс уақытта мектептерде 7640 үйірме мен спорт секциялары жұмыс істейді. Жазғы демалысқа қарамастан, балалар үшін қосымша білім беру ұйымдары: балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталықтары, «Bolashaq sarayi», аула клубтары, музыкалық мектептер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмысын жалғастыратын болады. Жазғы кезеңде 59171 бала жұмыспен қамтылады деп болжануда. Сонымен қатар, 488 мектепте жазғы алаңдар және 16 балалар сауықтыру орталықтарында 120500 бала сауықтырылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігінің бөлген квотасына сәйкес 274 бала «Балдәурен» республикалық лагерінің филиалдарында  сауықтырылады. Жаз бойы аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан 20 бала және жетім балалар Алматы қаласындағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, сауықтыру орталығына жіберіледі.

«Бақытты балалық үшін» республикалық акциясы 10 маусымға дейін жалғасып, оның аясында балаларға арналған мәдени және ойын-сауық бағдарламалары, спорттық іс-шаралар, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылады.

Сонымен бірге, республикалық деректер қорына сәйкес облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 1288 бала тұрады. Бұл балалардың 1066-сы отбасылармен қамтамасыз етілді. Нақты айтқанда, 952 бала қорғаншылықта (қамқоршылықта) және 100-і патронаттық тәрбиеде, 14-і асырап алған отбасыларда тұрып жатыр. Жетім балаларға арналған ұйымдарда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 172 бала бар, олардың 150-і білім беру жүйесінің қарамағындағы мекемелерде. Мәселен, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында 115 бала бар болса,  Урюпинка ауылындағы «Балабақша-мектеп-интернаты» арнайы кешенінде 35 бала тәрбиеленуде. «Жастар» жасөспірімдер үйінде 21 кәмелетке толған азаматтар тұрып жатыр. Ал, денсаулық сақтау жүйесінің қарамағындағы Щучье сәбилер үйінде 2 бала болса, әлеуметтік қорғау саласының мекемесі – арнаулы қызметтер көрсету орталығында 19 бала бар.

Штаттық кестеге сәйкес облыста балалардың құқықтарын қорғау саласында 36 маман жұмыс істейді. Олардың біреуі облыстық білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы. Ол облыс бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметін және 20 қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінде жұмыс істейтін 35 маманның жұмысын үйлестіреді. Қазіргі уақытта Ақмола облысында 18 жасқа дейінгі 223960 бала тұрса, орта есеппен бұл мамандардың әрқайсысына 7 мыңға жуық баладан келеді.

Отбасында балаларды тәрбиелеуге жәрдемдесу, асырап алушылар мен тәрбиешілерді материалдық қолдау мақсатында жетім балаларды асырап алған азаматтарға біржолғы төлемдер, жетім балаларды асырап алған қамқоршыларға жәрдемақылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың патронат тәрбиешілері мен асырап алушы ата-аналарға төлемдер төленеді. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап патронат тәрбиешілерге төленетін төлемақы мөлшері 35 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылды.

«Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатындағы 4282 бала тұрғын үй кезегінде тұр, оның ішінде кәмелетке толмағандары 1289, кәмелетке толғандары 2993. 2014-2024 жылдар аралығында облыс бойынша осындай есепте тұрған 699 жетім бала баспанамен қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта облыста халықтың әлеуметтік осал топтарына 438 пәтерді құрайтын 10 көппәтерлі тұрғын үй салынуда. Алдағы уақытта осы пәтерлердің 20 пайызы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады. Міне, облыста балаларды қорғау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар осындай. Ол алда да жалғаса беретін болады.

 Айнаш ГАЛИМОВА,
Ақмола облыстық білім басқармасының қамқоршылық,
қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар