Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Емделушілер үйлеріне риза болып аттанады - АРҚА АЖАРЫ

Емделушілер үйлеріне риза болып аттанады

Біздің оңалту орталығымызға небәрі үш жыл, – деп бастады әңгімесін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан облысындағы медицина академиясының түлегі, 2008 жылдан бері облысымыздағы емдеу мекемелерінде түрлі қызметтер атқарып, осы уақытқа дейін таңдаған мамандығы бойынша айтарлықтай тәжірибе жинақтаған бас дәрігер Дастан Асанұлы.

–Ғимарат жаңа болмаса да, өткен ғасырдың 90-жылдары перинаталдық орталық ретінде салынған, кейін туберкулезге қарсы диспансер, ал, соңғы кезде Ковид орталығы болды, кейін шағын жөндеуден кейін біздің 125 орындық «Көкше»  оңалту орталығы ұйымдастырылды. Биыл бүкіл ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады, жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бекітілді, оның ішінде палаталар, науқастарды қабылдау мен процедуралар бөлмелері жөнделетін болады.

Өкінішке орай, қыс айларында күн салқын болып, палаталарды жылытқыштармен қамтамасыз етуге мәжбүр болдық. Жылыту автономды болып табылады және Қазақстанның барлық аймақтарынан келетін демалушылар тасқынына қарамастан, алдағы жаз айларында бұл мәселені шешуді ойластырып жатырмыз. Орталық жұмыс істей бастағаннан бері мұнда республиканың үш мыңға жуық тұрғыны денсаулығын жақсартты, оның ішінде Чернобыль апатынан зардап шеккендер, ауғандықтар, барлық санаттағы мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлері бар.

Мұнда емделу барысында тәртіптің қатаң, дәрігерлер мен медбикелер жасайтын процедуралардың сапасы өте жоғары екеніне көз жеткіздік. Білікті 7 дәрігер жұмыс істейді, медицина қызметкерлері 22 медбикеден тұрады. Бас дәрігер дәрігер-терапевт Жұлдыз Жанғожинаның және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Қымбат Балғазинаның, бас медбике Сәуле Нұркенованың, аға медбике Айгүл Құдайбергенованың, диеталық медбике Сәуле Бірімжанованың, бөлімше медбикелері Қуаныш Сәдуақасова мен Лариса Бектемірованың жұмысын ерекше атап өтті.

–Коронавирус кезінде Біржан сал ауданындағы «Сегізбай У» серіктестігі бізге жылытқыштар, оттегі баллондары, кондиционерлер, импульстік оксиметрлермен көп көмектесті. Олар біздің тұрақты демеушілеріміз болып табылады, біздің командамызға қиын сәттерде әрқашан көмектеседі, қолын созады, сол үшін медицина қызметкерлері мен тұрақты емделушілер алғысы шексіз.

Роза Жүсіпова, Марина Очковская, Гүлмира Фарфулина, Айсұлу Қазизованың бес мезгіл ас мәзірін ұйымдастырудағы еңбектерін атап өтпеске болмайды. Түрлі ас мәзірі мен жоғары сапалы тағамдар халықтың тәбетін арттырып, әрқашан қуантып тұрады.

–Айта кететін жайт, – деп түйіндеді әңгімемізді Дастан Асанұлы, – ауруханада физиотерапияның 15-ке жуық түрі бар, оның ішінде Жанар Биғамбетова мен Сабина Алпысбаева шеберлікпен орындайтын қол массажы ерекше. Биыл тағы да республиканың барлық өңірлерінен, әсіресе, «қызыл су» басқан жерлерден науқастардың үлкен ағыны күтілуде. Ұжымымыз бізге жолдамамен келген барлық санаттағы мүгедектерді, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлерін оңалту міндетін жақсы атқарады деп ойлаймын.

Сөз арарсында айта кетсек, бас дәрігердің зайыбы Әсел Күлкеева да мұнда білікті дәрігер болып жұмыс істейді.

–Мен мұнда екінші рет келіп отырмын, – дейді зейнеткер Валентина Тихомирова, – емі жақсы, тағамы тамаша. Любовь Булох та оның айтқанын бірден қолдады.

–Менің де осында екінші рет келуім, – деп Кенесары ауылынан келген бұрынғы электрик, 2-топтағы мүгедек Рашид Сұлтанов та медбикелер мен дәрігерлерге және алуан түрлі тағамдары үшін аспаздарға шексіз алғысын білдірді. Кетерлерінде:

– Ұжымға тағы да көп рахмет! – деген Астрахан ауданы Акимовка ауылынан келген науқастар Екатерина Чепенко мен Зоя Никитинаның дауыстары да қатар шығып кетті.

Біз де аталған медицина ұжымына Қазақстан халқының денсаулығын нығайтуда табыс тілейміз!

Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ,
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларға теңестірілген ардагер,
Қазақстанның құрметті журналисі.

 Бурабай ауданы.

Суреттерде: «Көкше» оңалту орталығының бас дәрігері Дастан Асанұлы; мекеменің қолдары шипалы қызметкерлері; келушілердің алғысын арқалап жүрген аспаздар

Суреттерді түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар