Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ
Көкшетау тұнған тарих, жиған аңыз,
Танысып, талайымен, таң қалғанбыз,
Бір кездер Ақан сері із қалдырған,
Қайғымен тау ішінде қалып жалғыз.
Көкшеге апаратын тура жолдың,
Бойында ескерткіші «Құлагердің».
Тұр, Ақанды жылатып, бір кездері,
Жүйріктің көрсеткендей өлген жерін.
Түсінбей, ұрпақтары қазіргінің,
Қалып жүрер айтты деп атын кімнің,
Оқыңыз, Жансүгіров Ілиястың,
«Құлагер» деп жазылған ақын жырын.
Жазушы Сәбит аға Мұқанов та,
Жазыпты «Аққан жұлдыз» кітабында,
Тарихын «Абылайдың алаңының»,
Жатқан «Оқжетпестің» бір жағында.
Шын аты Әбілмансұр, Шыңғыс тегі,
Жау заманда жоңғармен ұрыс кезі,
Кербез, сұлтан Уәлидің отбасында,
Туыпты мезгілінде, ұл, түстегі.
Қаза тауып әкесі жоңғарлардан,
Тұқымнан қалмай аман қырылғаннан,
Бір құлдың Ораз атты арқасында,
Әбілмансұр, жетім боп, тірі қалған.
Құл әкеліп Төле би ауылына,
Бағуға түйелерді алды мұнда,
Сабалақ деген атпен жүріп біраз,
Ес жиып, тоқтатыпты ақылын да.
Онан әрі құлымен Көкшетаудың,
Жерінде, Дәулеткелді деген байдың,
Жылқышысы боп жүріп, соғысыпты,
Атын атап атасы Абылайдың.
Қалмақтарға қырғидай ойран салған,
Жігітке қазақ жағы қайран қалған,
Біліпті айналасы бұл сарбаздың,
Осылай, тарайтынын Абылайдан.
Көкшетауды Абылай қамал қылып,
Оқжетпестің басына адам тұрып,
Айналаны қарауыл күзетіпті,
Көрсетіпті сол кезден табандылық.
Жасырын, Оқжетпестің жанын еппен,
Абылайдың жасағы жатақ еткен,
Қазақтар, сол кезеңнен, осы жерді,
Абылай алаңы деп атап кеткен.
Атымен Бурабайдың бірігіпті,
Таулары, сексен сұлу көлі тіпті,
Көршілер, қоныстанып, көбейгенде,
Бұл атты өзгеше ғып өзгертіпті.
Біреулер қойып апты ат басқа қып,
Атаған ғой, біреулер шатыстырып,
Ақ бура, жау оғынан жараланып,
Шөккенде, жіберіпті дәу тас қылып.
Арналып, аңыз болып, «Оқжетпеске»,
Соғысып, қазақ, қалмақ жүрген кезде,
Тағы бір оқиға бар, оңай емес,
Жалғасып, ауыз-екі, жеткен бізге.
Абылай хан, жеңгенде бір шайқасты,
Жауынан, аса үлкен, олжа тапты,
Соның бірі қалмақтың қызы болды,
Он жеті жаста екен қолаң шашты.
Алмақ боп, әйел қылып, қызды сұлу,
Басталыпты арада, шу, ұрысу,
Абылай хан, беріпті, рұқсат қызға,
Шешуді, кімге шығып, тұрмыс құру.
Қыз түсініп, тұтқыннан босамасын,
Басына, тұрған биік, құз жартастың,
Орамалды, байлап ап, оғы тескен,
Сарбазға, депті, менің әзір басым.
Қалыпты, құзға жетпей, оқтар жолда,
Жарысып, талай сарбаз, топталса да,
Құздан құлап, қыз өліп, пайда бопты,
«Жұмбақтас», «Әулиекөл» ортасында.
Халықтың аңыз қапты құлағында,
Дәулетті бай болыпты бір ауылда,
Жалғыз қызы-Айсұлу жүрген екен,
Ғашық боп, Қасым атты құл адамға.
Әкесі қызын жақсы көріп сонша,
Рұқсат, депті, жігітті өзің таңда,
Айтыпты, қыз ашығын, әкесіне,
Жігітім, құл боп жүрген, Қасым онда.
Әкесі қызға әбден ренжіпті,
Лайық, жігіт шартқа, келсін депті,
Не істейтінін айтайын, берем қызды,
Жігітке әрі батыл, әрі епті.
Ауылдарға, былай деп, хабар кеткен,
Жар басына, атқанда оғы жеткен,
Шартым сол, сөзім соңғы, білсін бәрі,
Кетеді, қызым бірге, сол жігітпен.
Бірақ, оғы жетпесе, басын алам,
Келмесін, әлін білмей, тосын адам,
Өзіне сенбегендер, қызбалықпен,
Ажалға жасамасын босқа қадам.
Сонда да айтқан шартты қабыл алып,
Өліпті, талай жігіт, бассыз қалып,
Тоқтапты, басқалары, үміт үзіп,
Түсініп, тұрғандарын құр қамданып.
Әкесінің жақындап, қыз қасына,
Беріңізші рұқсат, құл Қасымға,
Деп, өтініш білдіріп, әке көніп,
Садақ тартты, құл Қасым, құз басына.
Оқ жақындап барды да, әлсіреумен,
Аз ғана жетпей қалып, кетті төмен,
Бейбақ Қасым, ұсталып бара жатты,
Ішінен қош айтысып, өмірімен.
Әке, деді, қыз сонда, үлгерерсің,
Басын шауып, бөлектеп, құл денесін,
Тағы бір, атсын, рұқсат беріңізші,
Болмаса, ажалына жүре берсін.
Сүйікті қызға әке, қимай қарап,
Атсын, деді, тағы бір, құл қайталап,
Естіп Қасым, өтінген қыздың сөзін,
Әзірледі, асықпай, оқ пен садақ.
Қыз сол кезде, жартасқа шығып алып,
Сүйетін құл Қасымның әнін салып,
Күміс дауыс, тарады Көкшетауға,
Әулиекөл бетінде сыңғыр қағып.
Қасым құл, естігенде арман үнін,
Күш бітіп, тартты жібін садағының,
Оқ ұшып, түсті келіп, құз басына,
Айсұлудың қасына аяғының.
Мұнан соң той болғанда, осыншама,
Қойыпты, Қасым сұрақ, қызға сонда,
Жүргенімде жиналып, оқ атуға,
Айтшы, неге шықтың сен, құз басына?
Екіншіде жетпесе оғың шыңға,
Тұрмас едің, қасымда, өзің мында,
Келмеді сенсіз өмір сүргім менің,
Өлер ем, құз басынан құлап онда.
Осылай, қыз жігітке беріп жауап,
Тұрыпты құшағында, ұзақ жылап.
Жастарда сол кезде де болған екен,
Махаббат бәрінен де жоғарырақ.
Басқа да аңыздар көп, теңеулермен,
Шоқан да, қызығыпты көрген жерден,
Кәкімбек ағамыз да Оқжетпесті,
Жырында, жер бетінде біреу деген.
Тағы бір, үйілген тас, не заманнан,
Еріксіз талайларды таң қалдырған,
Көгілдір шығанақтан Оқжетпеске,
Жүрсеңіз, жас келіншек шығар алдан.
Өтсеңіз, қарауменен үйген тасқа,
Айналады, әйелге, орта жаста,
Онан әрі, Оқжетпес қарсысында,
Тұрады, бет қырымен, кемпір басқа.
Бұл – Жұмбақтас, осылай қыз түрімен,
Сәкенде аңыз болып, жырға кірген,
Деген де бар, тас болған қалмақ қызы,
Берілмей, құз жартастан құлап өлген.
Бір ғажап «Ақылбайдың асуы» да,
«Тас өзен», «Тас қамалы» жатыр мұнда,
Кезінде өткізіпті керуендерді,
Ақылбай батыр, етіп, жолды тура.
«Жекебатыр» жағында, анадайдан,
Көрініс, бұйраланған қарағайдан,
Ұнап сонша тамаша өлең жазған,
Мағжан ақын, бір кезде таң қалғаннан.
Әйгілі балуан, шебер домбырашы,
Шабандоз, палуан, әрі болған әнші,
Балуан Шолақ – Баймурзин Нұрмағамбет,
Туралы бар махаббат хикаясы.
Бұл шындық, аңыз емес, өткен бастан,
Құтқармақ боп, достарын тор қапастан,
Балуан Шолақ атаман Астафовтан,
Ұрлап, Настасья қызын, алып қашқан.
Көкшеде, жағалауға жақын жерде,
Тап болып кездейсоқтық қатеріне,
Кенеттен айқасты да аюменен,
Жараланды, жазылмас, қапелімде.
Настасья қашпады, бірге қалды,
Біраз емдеп, палуанды жазып алды.
Әндерді махаббатқа тұрған тұнып,
Тыңдауға кеште ұзақ дағдыланды.
Біраз күн, осылайша тұрып жатты,
Хат келіп, бар талапты орындапты,
Дегенді естігенде хабаршыдан,
Онша екеуі де қуанбапты.
Настасья оралып отбасына,
Балуан Шолақ, қайтадан, ортасына,
Астафов аттандырды қызын дереу,
Қалаға, қауіпсіз деп, тумасына.
Настасья хат жазып Балуанға,
Ағасы түсіріп ап оны қолға,
Астафовқа ұсынды сұм пікірін,
Рұқсат сұрап ойын орындауға.
Настасья жазыпты, күдер үзіп,
Кететінін, үйінен мүлдем безіп,
Айнакөлдің жағасын белгілепті,
Бір кезде, жасырынып, жүрген кезіп.
Балуан Шолақ аттанып, кездесуге,
Келісім, хатта жазып, кескен жерде,
Көрді қызды, алдынан, келе жатқан,
Баяғы, таныс құзға жеткен кезде.
Ғашықтар ұмтылғанда бір-біріне,
Мылтықтың даусы шықты, жақын жерде,
Настасья бетінен сипағанда,
Біліпті бар екенін қан бетінде.
Жараландым, дегенде, Балуан Шолақ,
Қарулылар, екеуін алды орап,
Балуан, бізді алдады, деді дағы,
Қыз кетті, көлге қарай құздан құлап.
Ұмтылғанда, Настя деп, Балуан Шолақ,
Оқ атты револьверден, арттан шулап,
Тізерлей құлап, балуан, еңбектеумен,
Үлгерді, Айнакөлге ол да құлап.
Берілмей бойға біткен саулық күшті,
Өлімнен, тағы бір жол, алып шықты,
Настасья қайғылы қаза тауып,
Жазылмас жанға жара салды мықты.
Қайғыға толы болып әуендері,
Балуанда айтатұғын ән өзгерді,
Махаббат үңгірі деп, белгіленді.
Көкшеде бірге болған үңгір енді.
Айнакөлдің оңтүстік жағасында,
Бір мүйісте шуақтап жатқан мұнда,
Қызғалдақ, бәйшешектер шығатұғын,
Қыр басы «Жылы төбе» аталғанда .
Өтетін Айнакөлді орап әрі,
Қауіпті, ұзағырақ, тар жолдарды,
«Ыбырай соқпағы» деп, кейінірек,
Кеңейтіп, «Байқал жолы»» деп атады.
Көз тартқан «Әулиекөл» жағасында,
Гранит екі тас бар, құз басында,
Күн түскенде оларды аюменен,
Қабанның ұқсатамыз сұлбасына.
Аю отыр, салумен, көз жоғардан,
Жүгіріп, келе жатыр қабан оған,
«Аю тас» аталыпты сол себептен,
Келістіріп, атауын қалай қойған!
Орта жүзді хан болып билегенде,
Мың сегіз жүз екінші жыл кезінде,
Келіпті Қасым сұлтан отбасында,
Абылайға немере дүниеге.
Кенесары қойыпты, атын оның,
Бала жастан таңдапты аңшы жолын,
Шатқалда, Бурабайда өзі туған,
Бекерге жібермепті атқан оғын.
Әкесі Қасым бастап көтеріліс,
Қорғапты, Орта жүзді, көршіден тыс,
Ағасы Саржан оны жалғастырып,
Кенесары көріпті ерте ұрыс.
Айрылып әкесі мен ағасынан,
Кенесары, сол жылдар, қол бастаған,
Бекіністер салғызбай Орта жүзде,
Отарлау саясаты толастаған.
Қазақ жерін қайтарып алдыменен,
Күресті бір кез Қоқан хандығымен.
Патшалық тоқтатпақ боп, айдап салып,
Қырғыздармен жіберді жау ғып әбден.
Аман қалып жүрсе де талай сында,
Бір жолы, бас кесілді абайсызда
Халықтың, елі үшін өмір кешкен,
Есінде қалды мәңгі мұндай тұлға.
Бейнесі астанада жағалауда,
Ат үстінде, тұр қарап, Көкшетауға,
Сұсты жүзі, зор дене, тұлпары да,
Бейнебір, рух беріп, көрген жанға.
Пайдаланған біраз күн зор заманда,
Сегіз қанат киіз үй аумағында,
Тағы бір ескерткіші қалған бізге,
Кенесары үңгірі Көкшетауда.
Алыстан көгілдір боп көрінетін,
Көкшетау, жер жаннаты, ел білетін,
Сексен көл аясында, алып жатыр,
Қарағай, қалың өскен төңірегін.
Жалғасқан, ғасырларға жыр, аңызы,
Сырларға толы, әрбір, тұрған құзы,
Көкшетау, суы шипа, ауасы ем,
Табиғатын сағынар, барған кісі.
Хикая осылайша болған бәрі,
Көкшеде Ақан сері әні қалды,
Абылай, Балуан Шолақ, Кенесары,
Туралы Сәкен, Мағжан жазғандары.
Көкшетау тарихтың тұңғиығы,
Талайлар жазып кеткен жыр ұйығы,
Жүрсін деп, жұмақ көріп, аңыз жиып,
Алланың берген бізге бұл бір сыйы.