Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Туризмді дамытуға басымдылық беріліп отыр - АРҚА АЖАРЫ

Туризмді дамытуға басымдылық беріліп отыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Біржан сал ауданының әкімі Достанбек Есжанов өңірде көктемгі су тасқынынан бері атқарылып жатқан жұмыстар және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндады.

Ел тұрғындарын әбігерге салған су тасқыны күрделі әрі қауіпті сипат алды. Аудан бойынша тіршілікті қамтамасыз ететін барлық нысандар мен қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп тұрды. Кеңащы, Еңбекшілдер, Көдебас, Яблоновка, Құдықағаш ауылдарының тұрғын үйлерін су басу қаупі жоғары болғанымен, жедел шараларды қабылдау нәтижесінде үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. Бөгеттерді су шайып кету жағдайлары бар, алайда, алдағы уақытта оларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Аудан экономикасына келсек, 3 ірі өнеркәсіп орындары – Семізбай-U, Өркен-Атан және Көкше-Цемент серіктестіктерінде жыл басынан бері 12 миллиард теңге көлемінде өнім өндірілді. Ауданда 870 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп тұр.

Ауыл шаруашылығының өндірілген өнім көлемі 6 миллиард 500 миллион теңгені құрады. 2024 жылы 190 мың гектар алқапқа жаздық дақылдар себу жоспарлануда. Халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету үшін пайдаланылмайтын  жерлерді қайтару жұмыстары жүргізілуде, жалпы көлемі 51 мың гектар 24 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сондай-ақ, аудан әкімінің айтуынша, ауыл тұрғындарын әлеуметтік көмекпен және жұмыспен қамту мәселелері қарастырылуда. Жыл басынан 48 миллион теңгенің әлеуметтік көмек шараларымен 393 адам қамтылды. Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша 94 адам жүгінсе, 53-і орналастырылды.

Ауданның туризм мен құрылыс салалары да даму шараларын іске асырғаны анық көрінеді. Жөкей көлінің аумағында туризм белсенді дамуда. Мұнда 2021 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 15 мыңнан астам туристер дем алған. «Космомониторинг» нәтижесінде қоқыс төккен 24 заңсыз полигон анықталып, оның 13-і жойылды. Ендігі қалған 11 полигонды жою жұмыстары қолға алынып отыр. Степняк қаласында 21 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Ал, білім саласы бойынша Степняк қаласының №1 орта мектебі, Андықожа, Бұланды, Макинка, Баймырза, Бірсуат, Құдықағаш мектептері мен балабақшаларында күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін қаражат толығымен бөлінді. Бұдан басқа, аудан ішінде түрлі жол жұмыстары, ауыз сумен қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту тұрғысында да жұмыстар атқарылуда.

Брифинг соңында аудан әкімі баспасөз қызметкерлерінің ауылдардағы ұялы байланыс, су құбырлары мен басқа да мәселелерге байланысты сауалдарына жауап берді.

                                                                                     Сабина ТАСБОЛАТ.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
журналистика және саясаттану факультетінің 2-ші курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар