А. ж. 10 маусымында Вознесенка ауылында залалды өтеу жөніндегі комиссия мүшелерінің жергілікті тұрғындармен кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты мүлікті бағалау процесін және өтемақыны есептеу механизмін түсіндіру болды.
«Біздің отбасымыз су тасқынынан зардап шекті, бізге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төленді. Біз ауылдағы жаңа үйлердің құрылысын асыға күтеміз, өйткені біздің үй апатты деп танылды. Мемлекет халықтың шығынын өтеу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда», — деп бөлісті Вознесенка ауылының тұрғыны Шульга Евгений Викторович.
Вознесенка ауылында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 16 тұрғын үй салу жоспарлануда.
Бұдан бөлек, бүгінгі күні Бұланды ауданында залалды өтеуге 232 өтініш қабылданды. Су басу фактісі расталмауына байланысты 8 өтініш кері қайтарылған.
224 өтініш жеке мүлікті бағалауға бағытталған, ал бағалаушылар үйлерді толық зерттеп үлгерген.