Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жеңемін деген сенімде болғанымнан шығар» - АРҚА АЖАРЫ

«Жеңемін деген сенімде болғанымнан шығар»

Бұл сұхбатымыздың кейіпкері аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Ғалымжан Жасланов. Шолу жасасақ, 2023 жылы тәжікстандық спортшы Илхомиддин Шамсидиновпен, одан кейін ресейлік  спортшы  Вячеслав Дацикпен жекпе-жекте жеңіске жетіп, мерейі үстем болған. Ағамыздың бойында тек қана қара күш пен ептілік емес, сонымен бірге, намыс, отансүйгіштік, ерік-жігер сияқты нағыз қазақ батырларына тән барлық қасиеттер бар десек, қателеспейміз.

– Сәлеметсіз бе, Ғалымжан  аға! Сұхбатымызға қош келдіңіз. Алдымен, өзіңіз жайлы айтып өтсеңіз.

–Мен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған деген ауылда 1985 жылы дүниеге келдім. Сол жақтағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітіріп, Астана қаласына келіп,оқуға түстім. Осы екі аралықта өмірдің қалай тез өтіп жатқанын білмей де қалдым. Қазіргі таңда Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылында тұрамын. Жарыммен ұл-қыз тәрбиелеп отырған отбасыларының бірімін.

Бала кезімде заң қызметкері – прокурор болуды армандадым. Өсе келе сол арманым спортшылыққа  ауысты. Қарапайым жұмыстарда да өзімді сынап көрдім. Қазіргі таңда заманауи спорт саласындамын. Бұл менің кәсіби мансабым десем де болады.

–Осы спорттық жекпе-жек түрімен қанша жылдан бері айналысасыз?

–Онымен айналысып,үлкен аренаға жекпе-жекке шығып жүргеніме үш жыл  болды.

Не себепті  бұл спорттың түрін таңдадыңыз?

–Бұл ретте, әр қазақтың жігіті батыр десек, қателеспейміз. Ал, жекпе-жекке шығу деген бұл,былай алып қарағанда бойында батылдығы бірге жүретін біздің  ұлтқа қиын емес сияқты. Мен де соған бел буып,белгілі бір жетістіктерге жеттім. Басында мақсатым сол болды. Ең алғашқы жекпе-жегім 2021 жылы Алматы қаласында өтті.Қарсыласым өзбекстандық жауынгер,үш дүркін Өзбекстан чемпионы, жасы да менімен шамалас, екеуіміз құрдаспыз десек те болады. Жекпе-жек тартысты,  керемет өтті. Ең алғаш аренаға шығу кезінде қобалжу тәрізді жағдайлар туған жоқ. Бірден қарсыласыма қарсы қимылға көшкендіктен, оған менде уақыт та жоқ еді. Жеңіске жеткен кезде әр спортшы жақсы сезімде болатыны белгілі ғой. Шындығына келгенде,менде қатты бір қуаныш та болған жоқ.аса алып-ұшпай, әдеттегі күйде болдым. Бұл тегі, басынан жеңемін деген сенімде болғанымнан шығар.

–Келесі жекпе-жектеріңіз өте ме, оған дайындығыңыз қалай?

Келесі жекпе-жекке келісім-шарттар жүргізіліп жатыр. Мүмкін, бұл жекпе-жегім  Ресейде немесе  елордамыз Астана қаласында болуы мүмкін. Қазіргі таңда бапкерлерім осы мәселелерді қарастырып, талқылау үстінде.

–Қысқаша әңгімеңізге көп рахмет. Алдағы  уақытта сізге жаңа жеңістер тілейміз. Әр жылыңыз жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге толы болсын демекпін.

Сұхбатты жүргізген Аяулым ҚАЙРАТ,
 Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін
мектебінің 11-сынып оқушысы.

 Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар