Ерікті түрде қан тапсыру – басқаға өмір сыйлау

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі және «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесіп, Дүниежүзілік қан тапсыру күніқарсаңында облыстық «Қан орталығы»мекемесінде «Қан тапсыр, өмір сыйла!» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Қазіргі таңда адамдарға қан қорын құру қажеттілігі туралы хабарлау және барлық бей-жай қарамайтын адамдарды ерікті нег3зде донор болуға шақыру маңызды болып табылады. Қан – адамдардың денсаулығының өте маңызды элементі екені белгілі. Донорлық қан әр сағат сайын, минут сайын қажет. Қаныңызды бөлісу дегеніміз біреуге өмір сүруге мүмкіндік беру. Донорлар 450,0 миллилитр көлемінде қан тапсырады. Дені сау адамның денесі үшін бұл көлемде қан тапсыру физиологиялық қауіп төндірмейді және қан азаю қаупі болмайды. Зерттеу нәтижелері мен сарапшылардың тәжірибесі донорлықтың адам денсаулығына өте пайдалы екенін көрсетеді.

– Бүгін біз «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесіп, «Қан тапсыр, өмір сыйла» акциясын өткізудеміз. Қайырымдылыққа арналған акцияға волонтерлер, студенттер және барша ниет білдіруші қала тұрғындарынан құралған 200-ге жуық адамқатысты. Акцияға қатысушылар алдын ала қан тапсыру ережесімен танысуға және акция басталғанға дейін нұсқаулықтан өтуге міндетті болды. Ұйымдастырушы тараптар қатысушылар үшін барлық жағдайларды жасап, акцияны өткізу кезінде олардың қауіпсіздігі мен денсаулығына жауап береді. Донор ретінде шамамен 50-ден аса адам қан тапсыра алды, – дейді өз сөзінде облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков.

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар