Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнім көлемін арттыруға басымдылық беріліп отыр - АРҚА АЖАРЫ

Өнім көлемін арттыруға басымдылық беріліп отыр

Жақында өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сандықтау ауданының әкімі Ербол Жүсіпбеков өңірде өнім өндіру көлемі артып, 3,4 миллиард теңгеге жеткендігін мәлімдеді.

Әлеуметтік салада да 783,5 миллион теңгенің екі жобасы қолға алынып, Каменка және Спасское мектептерін күрделі жөндеу жұмыстары іске асырылуда.Оған қоса, 4 дәрігерлік амбулатория салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Аудан әкімінің айтуынша, Белгород, Сандықтау, Широкое ауылдық округтерінде және Ақсоран ауылдық округінде 8 спорт алаңын орнатуға тиісті құжаттары әзірленіп, жақында іске асырылады.

Сондай-ақ, «Ауыл Аманат» бағдарламасымен жеңілдетілген кредит алуға 13 жобаны іске асыру жоспарланған. Осыған құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында жүзеге асырылады.Аудандағы ірі инвестициялық жобалардан басқа, 2024 жылға кәсіпкерлердің өз қаражаты, несиелеу және гранттар есебінен тағы 18 жобажоспарланған екен.

Аудан әкімі құрылыс саласының жағдайына да тоқталып кетті. 2023 жылы аудан орталығы Балкашино ауылында тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. «Бүгінгі таңда Балкашино және Жыланды ауылдарындағы су құбырларын жаңарту басталды. Новоникольское ауылына кіреберіс жолға орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда және Сандықтау ауылындағы 3,7 шақырым кентішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деп қоса айта кетті Ербол Жүсіпбеков.

Брифинг соңында аудан әкімі баспасөз қызметкерінің «Петровск ауылының құрылыс нысанынан басқа, жұмыстары 2-3 жыл көлемінде аяқталмай жатқан нысандар бар ма?» деген сауалына:

–Петровск ауылындағы нысаннан басқа тоқтап тұрған құрылыстар жоқ және сіз көтерген мәселе де қазіргі уақытта қарастырылып, шешу жолдары іздестірілуде, – деп жауап берді.

 Сабина ТАСБОЛАТ.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
журналистика және саясаттану факультетінің 2-ші курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар