Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ақмола облысында маңызды оқиға болды. Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы бізге санитарлық авиация тікұшағын бөлді.
Бұл ауыр науқастарды жоғары білікті медициналық көмек көрсету үшін ең қысқа мерзімде тасымалдауға мүмкіндік береді.
Тікұшақ заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Бұл оқиға орнында көмек көрсетуге және пациенттерді емдеу мекемелеріне барынша жылдам әрі қауіпсіз жеткізуге мүмкіндік береді. Санитарлық авиация өңірдің денсаулық сақтау жүйесінде маңызды буынға айналып, жоғары білікті медициналық көмекті ең шалғай аудандарда да қолжетімді етеді.
Бұл оқиға Ақмола облысы тұрғындарының өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.