Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әбсалық әнші ән сүйер ортамен қауышты - АРҚА АЖАРЫ

Әбсалық әнші ән сүйер ортамен қауышты

 «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен филиалдың «Кітап — AMANAT»  орталығында Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының ардагері, дәстүрлі әнші Әбсалық Салықпен жылы жүзді кездесу болып өтті.

Жетпіс жасқа толған мерейтой иесі өзінің қырық жылға жуық ғұмырын киелі сахнаға арнап, дәстүрлі ән өнерінің дамуына үздіксіз үлес қосып келеді. Әншінің  өнердегі, өмірдегі үзеңгілес достарымен өткен шығармашылық кездесуін Көкшетау қалалық кітапханалар жүйесінің директоры, ақын Серік Жетпісқалиев жүргізіп отырды.

Әбсалық Салық ағамыз әйгілі әнші, Қазақ КСР Халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті. Алматыда білім алған жас маман кезінде жолдамамен жұмысқа Көкше өңіріне келген. Торғай өлкесінің тумасы осылайша, 40 жылға жуық уақыт бойы Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола  облыстық филормониясында тапжылмай  еңбек еткен. Әріптестері бұл кісінің ерекше дауысы бір бөлек, адамгершілігі, өнерге деген құрметі тағы бір бөлек дейді. Әбсалық ағамыз бір жағынан, батыс ән мектебін насихаттаушы.

Сонымен қатар, Арқа әндерін де нақышына келтіре орындайтын біртуар өнерпаз. Кездесуде мерейтой иесі 1970-інші жылдары  өңірімізде «Айнакөл» ансамблі құрылып, кең дауысты, профессионалды әншілер келіп, ел-елді аралап концерт қойған шақтарын еске алды. Сондай-ақ, кездесуге журналистика саласының ардагері Балталы Сәрсенбаев және ағасындай жанашыр болып кеткен ауыл шаруашылығы саласының ардагері, құрметті ақсақал, Көкше жерінде «Баян батыр» фильмі түсірілген кезде массовкаға 960 жылқыны дайындап берген Құмарғали Досов ағамыз да келіп, Әбсалық ағамыздың өнеріне зор құрметтерін білдірді. Ал, әйгілі «Қарагөз» ансамблінің жетекшісі, композитор және әнші Болат және Мара Есмұқановалар еңбек  жолдарындағы жылы естеліктерімнен бөлісті.

Жүздесуде бірнеше әндерін орындап, өнер, өмір жолдарынан сыр шерткен мерейтой иесі кездесуді ұйымдастырған облыстық партия филиалына ризашылығын білдіріп, қатысушылармен ескерткіш суретке түсті.

Динара ДҮЙСЕНОВА,
«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық
филиалының
баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар