Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елін қорғап, ер атануды жазған - АРҚА АЖАРЫ

Елін қорғап, ер атануды жазған

Орталық қалалық үлгілі кітапханасында Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына  арналған «Өрісі биік  өр тұлға» атты патриоттық сағат өтті.

Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған, үй ішінің кенжесі. Әкесі Қожахмет, анасы Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елiмiздi ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді.

Халқымыздың елімізді зұлым жаудан қорғаудағы ерлік істерін ұмытпай бағалай білу, осыны жас ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатын көздеген іс-шараға 5510 әскери бөлімінің қызметкерлері мен әскери борышын өтеушілер қатысты. Шара барысында Сағадат Нұрмағамбетовтың өмірі мен ерлік, еңбек жолдары баян етілген фильм көрсетілді. Кітапхана қызметкері  кітап көрмесімен таныстырды.

1945 жылдың 27 ақпанында 21 жасында Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес Одағының Батыры жоғары атағы берілді. Марапаттау рәсімін қазақтың батыры былайша еске алады: «Медальдарды армия қолбасшысы жеке өзі табыстады. Ол кеудемізге Ленин ордені мен Алтын Жұлдызды тақты. Бізді шынайы ниетімен құттықтады. Толқынысымды жасыра алмадым. Қазақтың жетім баласына мұндай зор құрмет көрсетілгеніне сене алмадым. Әкем мен анам, Сағи ағам, отандастарым бұл жетістігімді көрсе екен деп ойладым».

1994 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Сағадат Нұрмағамбетовке Халық Қаһарманы атағы беріліп, №1 Алтын Жұлдыз табыс етiлдi. 2013 жылдың 24 қыркүйегінде Сағадат Нұрмағамбетов 90 жасқа қараған шағында өмірден озды. Оның артында зайыбы, Талғат пен Айсұлу есімді балалары және 4 немересі қалды.

Отан үшін от кешкен батырдың жарқын бейнесі халқының жадында мәңгі сақталады.  Сағадат Нұрмағамбетов ағамыз – біздің мақтанышымыз. Оның өнегелі өмірі мен жүріп өткен ерлік жолы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарындағы әрбір әскери қызметшіге мәңгілік өшпес үлгі болатындығы сөзсіз!

Элмира ЫҚЫЛАСОВА,
Көкшетау орталық қалалық үлгілі кітапханасының кітапханашысы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар