Өнеркәсіпті қалада жұмыссыздық бой көрсетуде

Степногорск қаласы тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі – күнделікті тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жағдайы. Ағымдағы жылы қалаға қарасты жылу электр орталықтарының 5, 6 және 7 қазандықтарын күрделі жөндеу жоспарланған. Бұл мақсатқа 7,4 миллиард теңге, жылу желілерін жөндеуге 365 миллион теңге бөлінген.

– Құны 2,1 миллиард болатын «Степногорск қаласының жылу желілерін қайта құрудың 1-кезеңі» жобасы аясында осы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді. Республикалық бюджет резервінен 2,7 миллиард теңге сомасында қаражат бөлуге бюджеттік өтінім жолданды.Қаланы тұрақты түрде сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық су құбырын қайта жаңғырту жобасы іске қосылады. 2024 жылға арналған жоба құны 500 миллион және облыстық бюджеттен 300 миллион теңге бөлінеді.Шаңтөбе ауылында су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда, – деді өз сөзінде қала әкімі Алпысбай Қайыржанов.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Степногорск қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 132,6 миллиард теңгеге жеткен. 1,5 мың келі алтын, 10 мың тоннаға жуық подшипник және 400 тоннадан астам уран өндірілген. Оған қоса, биыл он миллиард теңгеге инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Аталмыш қала аумағында төрт мыңға таяу шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді. Соңғы бес айда төрт жүздей жаңа жұмыс орны құрылған. Бұл ретте, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың бірыңғай кешенді бағдарламасы аясында алты жоба субсидиялануда. Несие сомасы 445 миллион теңгеден асады. Көтерме сауда айналымының көлемі жеті миллиард теңгеден артық.

– Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жыл басынан бері 204,5 миллион теңгеге өнім сатылған 17 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді. Қала экономикасына алты миллиард теңге инвестиция салынды. Бюджеттің барлық деңгейлеріне он жеті миллиард теңге сомасына салықтар мен төлемдер, оның ішінде қалалық бюджетке 4,3 миллиард теңге кіріс түсті. Республикалық бюджеттен берілетін трансферттерді ескере отырып, бюджет толық игерілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,1 миллиард теңгені құрап, 931 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, – деді одан әрі қала басшысы.

Сонымен бірге, брифинг барысында белгілі болғанындай, тұрғындарды жұмыспен қамтуға қатысты шаралар да қолға алынуда. Жыл басынан бері 1,3 мыңнан астам адам еңбекке орналасу үшін өтініш білдіріп, оның 600-і тұрақты жұмыспен қамтылған. Және де спорттық инфрақұрылымды кеңейту мақсатында да бірқатар жұмыс атқарылуда. Бестөбе кентінде дене шынықтыру-сауықтыру және ашық спорт кешенін салу жұмыстары жалғасуда. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарабұлақ ауылында мәдениет үйінің құрылысы қолға алынбақ. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 2,5 мың тәрбиеленуші бар. Онда, үштен алты жасқа дейінгі балаларды қамту жүз пайыз, бір жастан алты жас аралығының қамтылуы 83 пайыз. Ағымдағы жылы Ақсу ауылы орта мектебін күрделі жөндеу жоспарланған. Жыл басынан бері 1500-ден астам адамды қамтитын 65 спорттық іс-шара өткізілген.

Қала басшысының бұл сөздеріне біз әрине, сенеміз. Халыққа қарата айтса, қалт айтпайтын шығар. Степногорск қаласы мен оған кіретін ауылдық елді мекендер бұлай дами түссе, елге де жақсы.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар