Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қосшы дамып, келбеті жақсарып, көз тартып келеді - АРҚА АЖАРЫ

Қосшы дамып, келбеті жақсарып, көз тартып келеді

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қосшы қаласының әкімі Гайдар Қасенов қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде айтып берді.

Қосшы қаласы үшін 2023 жыл табысты аяқталып, 2024 жылы біраз жоба іске асырылып жатқан көрінеді. Құрылыс саласы жайлы айта кетсек, биыл 2 бірдей мектеп пайдалануға беріліп, көп жылдар бойы қордаланып келген мәселе, яғни, үш ауысымдық оқыту түбегейлі шешілген екен. Сондай-ақ, «Alan» спорттық-сауықтыру кешені 2024 жылдың 10 мамырынан бастап өз жұмысын бастады. Тағы бір қуанышты жаңалық, қазіргі таңда жеке инвестиция есебінен 500 адамға арналған асханасы бар қалалық мешіттіңқұрылысықарқынды жүрзігіліп жатыр, ол жуырда пайдалануға беріледі.

Ендігі кезекте, күн тәртібінде тұрған кезек күттірмес мәселелерге тоқтала кетсек, дәл қазіргі сәтте, жиі көтерілетін сұрақтың ең бастысы электр желісіндегі ақаулардың кесірінен апаттық өшудің жиі болуы. Бұған басты себеп, Қосшы қала мәртебесін алмай тұрып, электр желінің бәрі ауылға шақтап жасалуында, сол себепті қала сұранысын қамтамасыз ете алмауда.

–Осы мәселені шешу үшін КИПЭСТ-пен келісім-шартты тоқтатып, орнына «Орда Құрылыс» компаниясы келіп, қызмет көрсетуді бастады. Арнайы жүргізілген тексеріс барысында, қосалқы станцияларға ұзақ жылдар бойы қызмет көрсетілмеген. Мұның бәрі әрине, жиі апаттық өшулерге себеп болды. Тағы бір баса айта кетер мәселе, бірде-бір электр желісіне қосалқы желі тартылмаған. Бүгінгі таңда, қосалқы, яғни, резервті желілерді қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қолға алынды. Осы мақсатта 250 миллион теңге қаржы қарастырдық, мердігер мекеме анықталды, – деді брифингте Гайдар Қасенов.

Ауыз су мәселесіне тоқталсақ, қала әкімінің айтуынша Қосшыда су сорғызу станциясы бар, алайда, құрылысы толық аяқталмаған күйінде тапсырылған. Мысалы, 2021жылы бір үйді суға қосу үшін, толықтай қаланы ауыз судан шектеуге мәжбүр болса, қазір бұл мәселе шешімін тапты. Қосшыны жеке-жеке бөліктерге бөлу арқылы, нақты сол массивке қатысты ғана оқшаулау арқылы су желісіне қосады. Сондықтан, түгел Қосшыны сусыз қалдыру деген жағдай енді орын алмайды және мамандар бұл жұмысты жүзеге асыру үшін екі жылдан бері еңбек етуде.

Келесі мәселе – жол құрылысы. Биыл қала әкімдігі түбегейлі шешім қабылдап, «Лесная поляна» тұрғын үй алабындағы ескі жабындарды сүріп, қайтадан жаңарту жұмыстары жасалуда. Тайтөбе ауылында 3 миллиард теңгеге жолдарды салу жұмысы қарқынмен жүргізіліп жатыр. Оның ұзындығы 12 шақырым. Бюджеттен бөлінген 800 миллион теңгеге Қосшы қаласындағы жол құрылысына қатысты шаралар, яғни, жол жолақтарын салу, былтыр басталған жол құрылысы жұмыстары жалғасын табуда.

Көше жарығы мен газбен жабдықтауға келсек, көше шамдарын қосу ең алдымен қала қауіпсіздігі екені сөзсіз. Баубек көшесінен басталып, Абай көшесінің оң жақ бөлігі толықтай, Шырақ, Жамбыл Жабаев сынды көшелер жарықтандырылды. Қазіргі сәтте Республика көшесінің істен шыққан шамдарын ауыстыру аяқталуда. Сондай-ақ, «Лесная поляна» тұрғын үй алабында, Алтын қазық көшесінде жөндеу жұмысы жалғасып, бағандар орнатады. Қала әкімінің айтуынша, барлық көшелерге кезек тәртібімен қызмет көрсетіледі.

Газбен жабдықтау мәселесі бойынша 2023 жылдың желтоқсанында мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп, жеңімпаз «Әлия Сервис» ЖШС-сімен келісім-шарт жасалыныпты. Енді 2024 жылға қаражат бөлінеді деп күтілуде. Десе де мердігер өз қаражатына мамыр айында алғашқы жұмыстарын бастаған екен.

Көріп отырғанымыздай, Қосшы қаласы өз дамуында алға үздіксіз қадамдар жасауда. Брифинг соңында сауалнама жүргізіліп, баспасөз қызметкерлері мен әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде сұрақтарын қойған тұрғындар толық жауап ала алды.

 Сабина ТАСБОЛАТ,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
журналистика және саясаттану факультетінің 2-ші курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар