14 маусымда Германияда салтанатты түрде ашылған футболдан Еуропа чемпионатының бірінші турының ойындары да мәреге жетті. Онда күтпеген сенсациялар да болмай қалған жоқ.
В тобында Испания-Хорватия арасындағы кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Осы топта Италия Албаниядан 2:1 есебімен басым түсті. Мұнда албаниялық футболшылар бірінші минутта есеп ашып, біріншілік рекордын жаңартты.
С тобында Словения мен Дания 1:1 есебімен тең тарқасты. Ал, осы чемпионаттың басты фавориттерінің бірі саналатын Англия 0:1 есебімен Сербиядан басым түсті.
D тобында Польша мен Нидерланды күш сынасып, 2:1 есебімен поляктар басым түсті.Австрия Франциядан 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Е тобында күтпеген есеп тіркеліп, Румыния Украинадан 3:0 есебімен ірі жеңісті жұлып алып кетті. Ал, екінші ойында Словакия да 1:0 есебімен Бельгияны ұтып, біріншілікті жеңіспен бастады.
Ең бір тартысты ойындар F тобында өтті. Түркия мен Грузия құрамалары арасындағы бәсекеде құрлық біріншілігіне тұңғыш рет қатысып отырған грузиндер жақсы өнер көрсеткенімен, 1:3 есебімен есе жіберді. Соңғы үшінші голды түріктер қарсыластары қақпашыға дейін есепті теңестіреміз деп өздеріне лап қойғанда, айлаларын асырып, бос қақпаға салды.
Бірінші турдың соңғы ойыны 18 маусымнан 19 маусымға қараған түні өтті. Мұнда да құрамында Криштиану Роналду ойнаған португалиялықтарға Чехияны жеңу оңайға соқпады. Әйтсе де, 2:1 есебімен жеңіске қол жеткізген Португалия өз тобында көш бастады.
Сонымен чемпионаттың екінші туры да келіп жетті. Ол кеше кешке қарай Словения – Сербия құрамаларының ойынымен басталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.