Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаржылық пирамидалар алаяқтар тапқан жоба - АРҚА АЖАРЫ

Қаржылық пирамидалар алаяқтар тапқан жоба

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Ризабек Серғазин департамент қызметінің негізгі бағыттары мен қазіргі уақытта қарастырылып жатқан істер бойынша баяндап берді.

Баяндама барысында брифинг қатысушылары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін толғандырып жүрген өзекті мәселелер, сондай-ақ жыл ішінде орын алған алаяқтықістер мен басқа да қылмыстар жөнінде нақты ресми ақпарат берілді. Қаржылық пирамида алаяқтар ойлап тапқан жоба. Бір қарағанда тиімді инвестиция сияқты көрінеді. Онымен күресу үшін экономикалық тергеп-тексеру департаменті халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында форумдар мен түрлі конференцияларды ұйымдастырады. Департамент басшысының орынбасарының айтуы бойынша, көп ретте алаяқтардың арбауына жастар жиі түсіп жатады, ал бұл айланы ұйымдастырушылардың көбісі әйелдер.Былтыр облыс аумағында қаржылық пирамидаларды құрудың үш оқиғасы орын алған екен. Оның екеуіне қатысты сот үкімі шығып, алаяқтық сұлбаны жасаушылар бас бостандығынан айырылды.

– Ағымдағы жылы департамент қаржы пирамидасын құру және басқаруға қатысты екі қылмыстық істі тергеп жатыр. Атап айтқанда, «Chia Tai Pharmaceutical» және «Shareid» істері. Қазіргі таңда екі іс бойынша да тергеу амалдары жүргізілуде. 13 маусымдағы жағдай бойынша 93 жәбірленушіге жалпы сомасы 35,5 миллион теңге шығын келтірілген. Барлығы 373 салымшы тіркелген. Жиналған қаражаттың жалпы сомасы 92,5 миллион теңгені құрайды, – деп хабарлады брифингте Ризабек Серғазин.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы 21 іс тіркелді, оның 3-еуі кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты. Бүгінгі таңда қылмыстық істерді жалпы тіркеу деген жоқ. Департаментте істер 100 пайыз электрондық форматта тіркеліп, тергелінеді. Оған қоса, департаменттің барлық қабаттарында бейнекамералар орнатылған, бақылаусыз жерлер жоқ. Ал, қаржылық мониторинг Агенттігі қылмыстық істер бойынша кәсіпкерлердің шақырулары үшін келісу алгоритмін енгізген екен.Көріп отырғанымыздай, департамент қызметкерлерінің тарапынан орын алып жатқан қылмыстық істер бойынша тиесілі жұмыс атқарылуда. Брифинг соңында сауалнама жүргізіліп, баспасөз қызметкерлері мен әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы сұрақтарын қойған қатысушылар толық жауап ала алды.

Сабина ТАСБОЛАТ,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
журналистика және саясаттану факультетінің 2-ші курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар