Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл тұрғындары әкімін өзі таңдады - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл тұрғындары әкімін өзі таңдады

Жуырда Шағалалы ауылдық округінің тұрғындары өздерінің жаңа әкімін сайлап алды.

Бұл жолы жоғары агротехникалық колледж және жалпы білім беретін орта мектептегі екі сайлау учаскесіне 832 сайлаушы келіп дауыс берді. Бұрынғы әкімнің жұмысына ауыл тұрғындарының бәрінің бірдей көңілі тола бермеді. Бір мысал, облыс орталығының іргесінде отырып, тозығы жеткен жолмен жүріп-тұру өте ауыр соғуда. Бұған ауыл әкімінің шамасы келмейтін шығар, бірақ, ауылда әкім болған соң жұрттың бұйымтайын аудан басшыларының құлағына жиі жеткізіп, осы мәселемен неге жете айналыспайды деген сұрақтарына да тосқауыл қоя алмайсың.

–Округтегі бес ауылдан тұратын Шағалалы ауылдық округі айтарлықтай үлкен. Әкімдерді тікелей сайлаудың ауылға пайдалы екеніне сенім баршылық. Әр ауыл өз әкімін өзі таңдауы керек. Бұл менің жеке ойым. Оны соңғы сайлаудан кейін де сезіндік. Болат Дүйсенов денсаулығына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болды. Бірақ, жаңа әкім оның лайықты мұрагері болады деп ойлаймын, – дейді тұрғындардың бірі.

Сайлау қорытындысы бойынша Зеренді аудандық сайлау комиссиясының шешіміне сәйкес Аслан Төлегенұлы Махамбетов Шағалалы ауылдық округінің әкімі болып сайланды. Үміткер болған 3 кандидатқа да дауыс беріліп, оның ішінде сайлаушылардың 740-ы жаңа әкімді қолдады. Жоғарыда аңғартқанымыздай, жаңа әкімнен үміт көп.

Айта кетейік, биылғы жылдың басынан бері Ақмола аумақтық сайлау комиссиясының хабарлауынша, облыста үш сайлау науқаны өтіп, 21 әкім сайланды. Оның ішінде 16 ауылдық округ әкімі, бес ауыл әкімі бар.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар