Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әлден суға кетудің қайғылы жағдайлары орын алуда - АРҚА АЖАРЫ

Әлден суға кетудің қайғылы жағдайлары орын алуда

 Жазғы шомылу маусымы басталғанына көп уақыт болмасада, республика бойынша 27 адам суға кеткен. Оның 17-сі бала. Бұл ақпаратты өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық төтенше жағдайлар департаментіазаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Жанат Асылбеков жеткізді.

– Таяуда ғана су айдындарында қауіпсіздік ережесін сақтамаудың салдарынан 7 адам суға кетті. Өкініштісі, оның алтауы кәмелет жасына толмағандар. Суға шомылу маусымы басталғалы облысымызда осындай 2 қайғылы жағдай тіркелді. Жаз мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігі ерекше назарда болуы тиіс. Су айдындарында адам өліміне жол бермеуге қатысты түрлі кешенді шаралар өткізіледі. Апат айтып келмейтіні анық. Ең алдымен,тұрғындар қауіпсіздік ережелерін сақтағаны абзал, –деді өз сөзінде Жанат Сапарғалиұлы. Оның айтуынша, өңірімізде суға шомылатын арнайы 82 орын жасақталған. Оның 68-і жекеменшік, 14-і коммуналдық жағажай. Оған қоса, облыс аумағында станционарлық 25 бассейн бар.

Сонымен бірге, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаз мезгілінде департамент тарапынан Қопа, Зеренді, Щучье, Бурабай көлдерінің аумағында күзет қызметі жұмыс істейді. Және де суға шомылатын тұрғындармен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Айталық, жыл басынан бері 600-ден аса бала жүзуге машықтандырылған. «Су айдындарына барған кезде кейбір ересек адамдар ішімдік ішеді. Сосын жағажай маңында өздерімен бірге дем алуға келген балаларды қараусыз қалдырып жатады. Мұндайда балалар жүзу білмесе де, өз күшіне сеніп, жағадан алыстап кетеді. Ал, осының бәрі қайғылы жағдайларға душар етеді. Сондықтан, қауіпсіздік ережелерін бір сәт те естен шығармаған дұрыс болады», – деп атап өтті бұл ретте Ж.Асылбеков тағы да.

Айта кетейік, жыл сайын облыс аумағындағы өзен-көлдерде орташа есеппен 30-дан астам адам өлімі тіркеледі. Соңғы үш жыл ішінде жазғы шомылу маусымы кезеңінде қайғылы оқиға салдарынан 51 тұрғын жазатайым болған. Бұл шындап қарасақ, жантүршігерлік жағдай емес пе?!.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар