Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттің басты байлығы – оның халқы - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттің басты байлығы – оның халқы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан қаласындағы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында көтерген «Әділетті Қазақстан – Адал Азамат» тұжырымдамасы қоғамымыз бен мемлекетіміздің алдында тұрған нақты міндеттерді шешуге бағытталған.

Президент Үндеуінің басты лейтмотиві әділетті Қазақстанды құру, азаматтық қоғамның мемлекеттік міндеттерді шешуге қатысуын кеңейту, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған жүйені нығайту болып табылады. Мемлекеттік билік пен азаматтардың қоғамдық диалогы арқылы негізгі міндеттерді шешу ашықтық пен әділеттілікке ықпал етіп қана қоймай, мемлекеттік биліктің беделін және қоғамның ынтымағын арттырады. Сондай-ақ, жаһандық проблемаларды шешу тек министрлер мен әкімдердің ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті болуы тиіс. Сол кезде ғана қоғам бір мақсатқа жетуге ұмтылады. Су тасқыны мемлекеттік органдар мен азаматтардың бірге күш жұмылдыра жұмыс істей алатынына мысал бола алды. Біреудің қайғысы мен қасіреті барлық адамдарды олардың қоғамдағы алатын орны мен лауазымдарына қарамастан, біріктіруші факторға айналды. Қоғамымызда өзге нәсілді немесе басқа ұлт өкілдері бар болса да, біреудің басқалардан артықшылығы туралы түсінік бізге жат. Соның өзінде бүгінгі күні бізге басқа стандарттарды енгізуге және жағдайды ушықтыруға бағытталған фактілер бар. Бірақ, біздің күшіміз тек бірлікте және болашағымыз өз қолымызда. Өскелең жас ұрпақты балабақшалар мен мектептерден бастап, әсіресе, отбасында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмге тәрбиелеу керек.

Патриотизмнің рухын өмірдің барлық салаларында жан-жақты қолдап, ұстану, бұл тек мемлекеттік органдардың ғана емес, қарапайым азаматтардың да міндетіне айналуы қажет. Біздің балаларымыз оптимизм мен еңбекқорлық, бейбітшілік пен адалдық рухында тәрбиеленсе, болашағы жарқын болмақ. Сол кезде ғана олар қай жерде болмасын, өмірдің қандай салаларында қызмет етсе де, біздің болмысымыз бен ұлттық рухымызды көрсете алады. Және де жастар прогрестің қозғаушы күші болуымен, ең озық идеяларды насихаттап, бұл нәрсеге инертті және бейжай қарамағаны абзал.

Сонымен бірге, біздің аға буын ретіндегі міндетіміз – оларды қоғамдағы есірткі, құмар ойындар сияқты жаһандық проблемалардан қорғау. Тазалық тек сыртқы жағынан ғана емес, рухани жағынан да болады. Өзінің және басқа адамдардың мүлкіне ұқыпты қарау, табиғат пен оның бірегейлігін, сұлулығын құрметтеу кез келген адамның мәдениеттілігінің кепілі. Ұрпақтар сабақтастығының негізі болатын тарихты жатқа біліп, ондағы ата-бабаларымыздың алып келе жатқан рөлін құрметтеп, одан әрі өскелең жас ұрпаққа насихаттау – тағы бір міндетіміз. Мемлекетіміздің алға жылжуын өз көзімізбен көріп, түсінуіміз үшін бізге көрегендік емес, нақты істер мен нәтижелер көрсететін қабілеттілік, шынайылық, әдептілік және адалдық сияқты құндылықтар күнделікті өмір нормасына айналуы керек. Оған қоса, сыбайлас жемқорлық пен оның қоғамның барлық салаларындағы көріністеріне төзбеушілік білдіруіміз әділетті Қазақстанды құруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттің басты байлығы – адамдар, қарапайым азаматтар. Әр адамның құқықтарын сақтау және қорғау – бұл назар аудару керек басты мәселе. Әр қағаздың немесе санның артында біреудің өмірі немесе тағдыры тұруы мүмкін және оны елемеуге болмайды. Әр орган мен нақты қызметкер белгілі бір мәселені шешуге жауапкершілікпен қарауы керек. Атқаратын қызметке жауапсыз қарауға болмайды, олай болған жағдайда бұл бүкіл мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіреді.

Абылай МҰХАНЖАРОВ,
Ақмола облысы бойынша Адам
құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар