Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұтынушылар құқы – бірінші кезектегі мәселе - АРҚА АЖАРЫ

Тұтынушылар құқы – бірінші кезектегі мәселе

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция Министрлігінің Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Дәурен Қамал өңірімізде «Сапалы өнім» тұжырымдамасы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап берді. 

Департамент ахуалдық штабтың іс-қимыл алгоритмі шеңберінде тұтынушылар тарапынан өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына түскен шағымдар бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2024 жылдың есепті кезеңінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер келіп түскен шағымдарға жауап ретінде тұрақты негізде сүт, шұжық, кондитерлік, консервілеу және өзге де өнімдерді сынақ зертханаларына талдауға беру үшін іріктеу жүргізді. Нәтижесінде зертханалық зерттеулерге 14 өнім жіберілді. Зерттеу хаттамаларына сәйкес, сатып алынған өнімдердің 64 пайызының таңбалау бөлігінде заң бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, мемлекеттік тілде тауар туралы деректер берілмеген екен.

– Осының нәтижесінде 4 кәсіпкерлік субъект 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды және олқылықтарды жою туралы нұсқамалар енгізілді, – дейді өз сөзінде Дәурен Қамал.

Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде сынақтарсыз берілген. Сәйкестікті бағалау туралы берілген құжаттар тізілімінде жоқ. Өнімді әкелу сәтінде қолданылмайтын не басқа өтініш берушілер мен басқа да өндірушілерге берілген сәйкестік туралы декларациялар анықталған.  Декларация нәтижесінде күші жойылып, әрі қарай сатылымын тоқтатқан сүт өнімдері бар екен. Атап өтсек, Ресей Федерациясының «Мәскеу-Мединка» агроөнеркәсіптік кәсіпорны өндіретін сүт. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының ультра пастерленген ұнтағынан жасалған сүттер және Белгия елінің  таза салмағы 25 килограмм майсыздандырылған сүт ұнтағы.

Брифинг соныңда Дәурен Қамал «Сапалы өнім» жобасының негізгі мақсатын түсіндіріп кетті.  Бұл жоба тұтыну нарығына контрафактілік, бұрмаланған, қауіпті және сапасыз өнімнің енуіне қарсы іс-қимыл ретінде қолға алынған екен. Осыған байланысты  2024 жылдың 1 тоқсанында қоғамдық бірлестіктердің күшімен «Сапалы өнім тұтынушыларының құқықтары» қоғамдық қоры пайда болды. Кез келген уақытта сапасыз және қауіпті өнім фактілерін анықтаған жағдайда осы қоғамдық бірлестікке жүгініп, азаматтық қоғамдық белсенділік танытуға болатынын өз сөзінде департамент басшысының орынбасары да айғақтады.

 Сабина ТАСБОЛАТ,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
журналистика және саясаттану факультетінің 2-ші курс студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар