Орман өрттерінің көпшілігінің пайда болуы адамның іс-әрекетімен байланысты. Табиғатқа демалуға, аң аулауға немесе орманға балық аулауға шыққанда, өрт қауыпсыздігі ережелерін сақтаныз және өрт қауыпті маусымда темеқі тұқылын орман қоқысына тастауға, құрғақ шөпті жағуға, от жағуға, орманда жанғыш материалдарды қалдыруға және тағы басқаларына жол берілмейтінін есте сақтаңыз.
Ормандағы өрт қауіпсіздігі ережелері;
Ыстық, құрғақ, желді ауа-райында от жағуға болмайды.
Бұл үшін арнайы жасалған жерлерде от жағу керек. От жағу алаңының жанында су мен жалын жайылған жағдайда отты басатын бұтақтар болса жақсы. Ағаштардың жанында от жағу ұсынылмайды-бұл қауіпсіз емес және ағаштардың өліміне әкелуі мүмкін.
Егер орманда өрт басталса, ең бастысы-өрттің таралуына жол бермеу. Егер өртті өз күшімен сөндіру мүмкін болмаса, өрт туралы өрт сөндіру қызметіне «101» нөмірі бойынша шұғыл хабарлау қажет.
Төлеген ТОМАНОВ,
«Бұқпа» ОШМ КММ орман шебері.