Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кезекті сессия болып  өтті - АРҚА АЖАРЫ

Кезекті сессия болып  өтті

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың қатысуымен Ақмола облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы болып өтті.

Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, департаменттер мен басқармалар басшылары, Қоғамдық кеңестің мүшелері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. Сессия жұмысын Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов жүргізіп отырды.

Алқалы жиында облыс әкімі 2023 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы баяндап берді. Жиын барысында экономиканың нақты секторын дамытуға облыстық бюджеттен шамамен 223 миллиард теңге қаражат қарастырылған. Басым бөлігі  ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қарасты субсидиялар. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа 59,2 миллиард теңге бөлінді, оның 20 миллиард теңгеден астамы 18 өңірді сумен жабдықтауды жақсартуға бағытталып отыр. Осындай оңтайлы жұмыс нәтижесінде халықтың сумен қамтамасыз етілуі 96,7 пайызды  құрады.

Сондай-ақ, 14 миллиард теңге коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, 4 ауданға қазандықтар сатып алуға және 9 өңірде жылу беру маусымына дайындықты аяқтауға жұмсалды. Биыл,ы жылы бюджет есебінен 1017 шақырым жергілікті маңызы бар жолдар мен көше-жол желісі жөнделді.               – Облыстық бюджеттің атқарылу серпіні – бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жақсы жұмысының көрсеткіші.   Ағымдағы жылы 2024 жылдың қорытындысы бойынша бюджет қаражатын игеру, тікелей және түпкілікті нәтижелер бойынша  ең жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін осы қарқын мен қол жеткізілген нәтижелерді сақтау қажет, – дей келіп  өңір басшысы депутаттық корпустың бюджетті қалыптастырудағы және оның орындалу сапасын бақылаудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ, халық қалаулыларына бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, мәслихат сессиясында тіл саясатын, денсаулық сақтауды, ауыл шаруашылығын, жер қатынастарын және тағы басқа салаларды іске асыру мәселелері қаралып, кадрлық өзгерістерге байланысты әкімдіктің және бірқатар консультативтіккеңесші органдардың жаңартылған құрамы бекітіліп, облыстық мәслихатының бірнеше шешімдеріне өзгерістер енгізілді. Сессия барысында Ақмола облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Айнагүл Балташева, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес тіл саясатын іске асыру барысы туралы Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Аянұлы, тегін медициналық көмектің берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық көрсетілетін қызметтерді және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу мәселелері турасында Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков және тағы басқалары баяндама жасады.

– Қазіргі таңда Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы облыс әкімдігі 2023 жылдың 20 қарашасында бекіткен «Ақмола облысында Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының» орындалуын үйлестіреді. Өткен жылғы қараша айында өткен әлеуметтік зерттеулер бойынша Ақмола облысындағы қазақ тілінің қолдану аясы соңғы екі жылда айтарлықтай кеңейгенін айтуға болады, – деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин өз баяндамасында.

Сонымен қатар, басқарма басшысы өз сөзінде аудан мен қалалардағы 4 мыңға жуық мемлекеттік қызметшілердің ішінде мемлекеттік тілде іс жүргізе алатын қызметшілер – 80,4 пайыз екендігін баса айтты. Аталмыш көрсеткішті ескере отырып, қазақ тілінің әр саладағы мемлекеттік органдардың қолданысына енуіне барлық мүмкіндіктер жасалып отырғандығын атап өткен жөн.

Ал, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Айнагүл Балташева болса, өз сөзінде әлеуметтік жағдайы арқылы қай елдің болмасын бет-бейнесін көруге болатынын алға тартты.

– Бір жыл көлемінде әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның 20-дан астам отырысы өткізіліп, өңіріміздің әлеуметтік саласын жетілдіруге қатысты 50-ге жуық мәселе қаралды. Әлеуметтік бағыттағы мәселелерді шешу көбінесе қаржыландыру деңгейіне байланысты болғандықтан, тұрақты комиссия мүшелері бюджетті қалыптастыру мен орындаудың барлық мәселелерін талқылауға белсенді қатысады. Егер  облыстық бюджеттің шығыс бөлігіне көңіл аударатын болсақ, онда дәстүрлі түрде бюджеттің жартысына жуығы әлеуметтік салаға бөлінгенін  көруге болады. Тұрақты комиссия білім беру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Мектептердің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің жеткілікті материалдық-техникалық базасын құруға, оқу орындарында жүргізілетін жөндеудің  сапасына және әлеуметтік объектілер салуға бағытталған бюджет қаражатын бөлу жөніндегі бейінді басқарманың бастамаларын бірінші кезекте қолдайды, –деді  халық қалаулысы.

Облыс әкімі сессия  соңында  депутаттар көтерген мәселелерге нақты жауап бере отырып, алдағы уақытта    да  халықтың  тұрмыс сапасын жақсартуға арналған   шараларды   атқаруда  бірлесіп жұмыс атқаратындығын жеткізді.   Депутаттар  күн тәртібіндегі  өзге де ұйымдастыру мәселелерін қарап, бекітті.

                                                    Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

  Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар