Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кене инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай туралы облыстық санитарлық–эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов баяндама жасады.
Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы басым болатын вирусты табиғи ошақты ауру. Кене энцефалитінің инкубациялық кезеңі кейде 21 күнге жетеді, бірақ орта есеппен 10 күннен екі аптаға дейін созылады. Кене энцефалитінің алғашқы белгілері – әлсіздік пен шаршағыштық, қолдың, аяқтың, иықтың және тағы басқа дене мүшелерінің сырқырауы. Кене энцефалитінің алдын алу бейспецификалық және спецификалық болады. Біріншісі инфекция тасымалдаушысымен байланысу ықтималдығын төмендетеді: репелленттерді серуендеуде де, инфекция таралатын жерлерде ашық ауада жұмыс істегенде де қолдану қажет, тіпті жазда жабық киім кию ұсынылады, мүмкіндігінше денені және киімді орманнан оралғаннан кейін мұқият тексеру керек. Кене энцефалитінің шұғыл профилактикасы кене шаққаннан кейін жүргізіледі. Препарат инфекцияға қарсы вакцина алмағандардың барлығына энцефалиттің профилактикалық емі ретінде тағайындалады, медициналық көмекке жүгінген кезде алғашқы үш күнде иммуноглобулин енгізіледі, үш күннен аса кешіктірілген жағдайда серопрофилактика жүргізілмейді.
Баяндамашының айтуынша, аймақта кене энцефалиті және боррелиоз аурулары бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Биыл кене шаққан 268 адам медициналық көмекке жүгінсе, оның 69-ы 14 жасқа дейінгі балалар. Кене энцефалитіне күдікті бес жағдай тіркелді, оның үшеуі Сандықтау ауданында және бір-бірден Бурабай мен Зеренді ауданында тіркелді. Екі науқаста диагноз расталды.
–Бірінші жағдайда науқас медициналық көмекке тек алтыншы күні жүгінген. Оған ауруханада ем қабылданып, бүгінде науқас қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Екінші жағдайда емделуші медициналық мекемеге кене анықталған күннің ертеңіне дер кезінде келіп, кенеге қарсы иммуноглобулин қабылдаған. Алайда 16-шы күні қатты бас ауруына шағымдар пайда болды, дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілді. Аудандық ауруханада бір апта бойы стационарлық емделу нәтиже бермеді. Науқастың жағдайы нашарлап, кене энцефалитінің орташа ауырлықтағы менингоэнцефалиттік түрі диагнозымен Көкшетау қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бүгінде жұқпалы аурулар орталығында емделуін жалғастыруда, – дейді Серік Омарханов.
Егер сізді кене шаққан болса, иммуноглобулинмен серопрофилактика алу үшін үш күн ішінде медициналық көмекке жүгіну керек. Кене энцефалитіне қарсы вакцина қызметі аурудың табиғи ошағында болумен байланысты науқастар тегін ем қабылдайды.
–Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесінің бірінші реттік зақымдалуы бар вирусты табиғи ошақты ауру. Энцефалиттің алғашқы белгілері – әлсіздік пен шаршау, жұлыннан таралатын нервтердің ауырсыну – қолдарда, аяқтарда, иықтарда және басқа бөліктерде байқалады. Симптомдар пайда болған жағдайда дәрігердің көмегіне жүгініп, диагноз қою үшін кене шаққаны туралы міндетті түрде хабарлау қажет, – деп атап өтті спикер.
Кене энцефалиті мен боррелиозді жұқтырмас үшін табиғатта серуендеу кезінде кенелердің шағу ықтималдығын азайту керек. Ол үшін инфекция ошақтарында жұмыс істегенде репелленттерді қолданыңыз, тіпті, жазда да жабық киім киген дұрыс. Орманнан оралған соң киімді мұқият қарап шығу керек және қасыңдағы адамнан денені тексеруді сұрау керек.
–Кене энцефалитінің шұғыл профилактикасы кене шаққан жағдайда жүргізіледі. Препарат инфекцияға қарсы вакцина алмағандардың барлығына энцефалиттің профилактикалық емі ретінде тағайындалады, медициналық көмекке жүгінген кезде алғашқы үш күнде иммуноглобулин енгізіледі. Кене энцефалитінің жоспарланған спецификалық профилактикасы қоздырғышқа қарсы вакцинаны қолдану болып табылады. Іс-әрекеті кене энцефалитінің табиғи ошағында болумен байланысты адамдар профилактикалық иммундауға жатады, – деді Серік Сексенбайұлы.
Аумақтар бойынша кене шағудың ең көп саны Бурабай ауданында – 100, Көкшетауда – 70, Сандықтауда – 46, Зерендіде – 17, облыстың қалған аумақтарында бірден беске дейінгі кене шағу оқиғасы тіркелген.
Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.