Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бұл жер – сенікі және менікі!» - АРҚА АЖАРЫ

«Бұл жер – сенікі және менікі!»

Көкшетаулық мектеп оқушысы Нұрай Мәлік табиғат білгірлерінің аймақтық турниріне қатысып, «Экологиялық туризм» номинациясында 1 орынды иеленіпті.

 Көкшетау қаласындағы Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрай Мәлік Бурабай туристік аймағының дамуына кедергі болатын негізгі мәселелерді анықтады.

– Оқушым Нұрай Қазақстандағы туризм туралы әлемжелідегі барлық ақпараттарды зерттеп, зерделепшықты. 2015-2016 жылдар аралығында елімізде туризм саласының дамуы сәл төмендеген екен.  2020-2021 жылдары пандемия бұл жағдайды одан әрі ушықтырды. Сол себепті Бурабай курорттық аймағына туристерді тарту мәселесі қайтадан күн тәртібіне шығып отыр, –дейді жоба жетекшісі,аталмыш мектептің биология пәнінің мұғалімі Нұргүл Өміртай.

– Бурабай курортты аумағы өзінің әсем, әдемі, аңыз бен тарих тұнған, түрлі сырларға толы керемет табиғатымен атақты.  Елімізге келетін шетелдік туристердің 80 пайызы міндетті түрде «Бурабай» курорттық аймағына барады екен. Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында бейресми деректер бойынша Бурабай курортына 700 мыңнан астам турист келуі ықтимал. Сондықтан, Бурабайдың  туризмі басқа аймақтарға қарағанда әлдеқайда жақсы  дамуы керек деп ойлаймын, – дейді жас ғалым Нұрай.

–Қазіргі таңда көптеген азаматтар өңіріміздің туризм саласын дамытуға өз үлестерін қосуда. Дәлірек айтсақ, көптеген қонақ үйлер, қонып шығуға арналған орындар мен жатын жайлар салынуда. Бурабайда балаларға арналған демалыс орындары, яғни, лагерьлер де өте көп. Олар – «Лесная сказка», «Приозерный», «Звёздный», «Эдельвейс Бурабай» лагері, одан басқа «Mirotvorets», «Дискавери», «Самұрық», «Арман», «Балдаурен», «Матюшино» сияқты балаларға  арналған демалыс орындары, – деп қосты оқушы.

Нұрайдың айтуынша, бүгінгі күні Бурабайдың туризм саласында ескеретін мәселелер – қаражат мәселесі, экологиялық жағдай, туристік инфрақұрылымды жақсарту қажеттігі. Бұл мәселелерді шешу үшін оқушы келесідей ұсыныстарын жеткізді. Мәселен, ол жергілікті шағын және орта бизнесті субсидиялау, қызмет көрсету саласындағы бәсекелестікті арттыру, туристік аймақтың тазалығын қамтамасыз ететін жүйені жаңғырту, туристтер арасында экологиялық насихат жүргізу, антропогендік нысандармен табиғи жүйелердің үйлесімділігін қамтамасыз ету қажеттігін айтады.

–Инфрақұрылымды жоспарлау барысында демалушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, туристік инфрақұрылымға өзгеріс енгізу арқылы демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін алға тартады.

–Бурабайда  туризм саласын дамыту үшін әлі де көптеген жұмыстар жүргізу керек. Экологиялық проблема тұрғысынан, туристермен бірге Бурабайға келетін өзіміздің қазақстандықтардың да қарапайым «табиғатты аялау» ережелеріне, табиғат аясында  өзін-өзі ұстау мәдениетіне үйрету керек,– деген тұжырымы сүйсіндірмей қоймайды.

Нұрай аталмыш жобамен «Бұл жер – сенікі және менікі» табиғат білгірлерінің аймақтық турниріне қатысып, «Экологиялық туризм» номинациясында 1 орынды иеленіпті.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар