Ақмола облысының шахматшысы Рашид Галимжанов шахматтан өткен «Senat Оpen»І Ашық Кубогының жартылай финалының чемпионы атанды.
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов бастаған біздің аймақтың командасы Павлодар қаласында шахматтан өткенАшық Кубоктың жартылай финалына қатысты. ТурнирдіҚазақстан шахмат федерациясы алғаш рет Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Freedoom Holding Corp компаниясының қолдауыменұйымдастырып отыр.
Мәслихаттардың 30 жылдығына арналған турнирдің ашылуына Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісіндегі Павлодар облысының депутаттары, Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы Илья Теренченко, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Александр Бабенко қатысты. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тұрлов турнир қатысушыларына бейне үндеу жолдап, жартылай финал қатысушыларына сәттілік тіледі.
Солтүстік өңірлердің жартылай финалында Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының шахматшылары бақ сынады. Олар – барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Ақмола облысынанжартылай финалға 21 шахматшы шықты. Олардың ішінде мамыр айында Көкшетауда іріктеу кезеңінен сәтті өткен қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері бар.
Сонымен, турнир қорытындысы бойынша ақмолалықтар арасында Степногорск қаласының қоғамдық кеңесінің мүшелері Рашид Галимжанов, Көпжасар Бақбергенов, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мереке Жүсіпов және Бұланды ауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі Жайнарбек Зандыбай үздік нәтижелер көрсетті. Олардың барлығы ақтық кезеңге қатысуға жолдама алды. Сонымен қатар, Рашид Галимжанов солтүстік төрт аймақтың ойыншылары арасындажартылай финалдың абсолютті чемпионы атанды. Сондай-ақ, 60 жастан асқан депутаттар, журналистер, қоғам қайраткерлері арасындағы турнирдің үздік ойыншылары түрлі номинацияларға ие болып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Шахмат федерациясының хабарлауынша, ағымдағы жылдың тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда Парламент депутаттары мен республикалық БАҚ журналистерін қосқанда, 200-ге жуық адам шахматтан бақ сынайды. Чемпионат еліміздің түкпір-түкпірінен 3 мыңға жуық адамды қамтиды деп күтілуде.
Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.