Әлемдегі ең ірі мал шаруашылығы көрмелерінің бірі — Француздық SOMMET DE L’ELEVAGE (МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САММИТІ) 2024 жылғы 18-19 шілдеде қазақстандық «Jańa Dala / Green Day 2024» мамандандырылған халықаралық көрсетім—көрмесіне келіп, оның жұмысына қатысатын болады. Бұл туралы France Group Export Club қауымдастығында хабарлады.
Тұрақты мал шаруашылығының SOMMET DE L’ELEVAGE негізгі халықаралық форумы дәстүрлі түрде 2024 жылғы 1-4 қазан аралығында өтпекші. Францияның Клермон-Ферран қаласында өтетін ауқымды іс-шараға 1700 экспонент, 2000 жануар және 120 000 келуші қатысады деп күтілуде. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы – көрменің Құрметті қонағы. France Group Consulting Bureau бастамасы бойынша Францияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, Францияның Алматыдағы Бас консулдығының, сондай-ақ, қазақстандық «Expo Time» компаниясының және Жетісу қой өсірушілер қауымдастығының қолдауымен АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САММИТІ Қазақстанға 2024 жылғы 16-20 шілде аралғында келмекші.
France Group Export Club сарапшыларының айтуынша, «Jańa Dala / Green Day» қазақстандық Дала күні Франция мен Қазақстан мамандарының кездесуі үшін жыл сайынғы және тиімді алаңға айналды. Делегация құрамында – француз көрмесінің, «APRAMAC» орталық массивінің ауыл шаруашылығын дамытуға жәрдемдесу қауымдастығының, Францияның Ұлттық қой шаруашылығы федерациясының өкілдері, сүтті және етті ІҚМ тұқымдары генетикасының өнім берушілері, сондай-ақ, АӨК және қайта өңдеу сарапшылары, Францияға сараптамалық сапарлардың авторлық бағдарламаларын ұйымдастырушылар, БАҚ өкілдері бар.
«Jańa Dala / Green Day 2024» шеңберінде France Group Export Club стендінде француз ұсыныстарымен танысуға, ал іскерлік бағдарлама аясында делегациямен жеке танысуға болады:
- 16.00-16.20 Франция – Қазақстан: ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың келешегі (№1-ші конференц-зал).
- 17.15-17.30 Қазақстандағы Еуропаның етті қой тұқымдары генетикасының келешегі (№1-ші конференц-зал)
Сондай-ақ, делегация «Еңбек» ЖШС және «Асыл түлік» республикалық мал шаруашылығын асылдандыру орталығы АҚ өндірістік алаңдарына барып, келесі тақырыптар бойынша МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САММИТІ көрмесі шеңберінде сараптамалық сүйемелдеумен арнайы авторлық бағдарламаларды таныстыруға ниетті:
- Ірімшік өндірісі: қорадан үстелге;
- Ет және сүт бағыттарындағы қой шаруашылығы: қорадан үстелге;
Француздық делегацияның Қазақстанға сапары аясында Алматы облысындағы қой шаруашылығына да баруға ниеті бар. Француз мамандары жергілікті қой тұқымдарын зерделеуді, Қазақстанның оңтүстігінде оларды өсіру, күтіп-бағу және азықтандыру ерекшеліктерімен танысуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, SOMMET DE L’ELEVAGE өкілдері Алматы қаласындағы Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндіру ғылыми-зерттеу институтының қой өсірушілерімен және ғылыми қоғамдастығымен кездесу өткізуді, Дөңгелек үстелде осы тақырып бойынша Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.
«Jańa Dala / Green Day» мамандандырылған халықаралық көрсетім-көрмесі – Қазақстанда 2013 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Дала күні форматындағы дәстүрлі іс-шара болып саналады. Көрме 2024 жылғы 18-19 шілдеде өтеді және заманауи ауыл шаруашылығы технологияларының, жоғары өнімді техниканың, селекциялық жетістіктердің, сондай-ақ, ветеринария, органикалық егіншілік және өсімдіктерді қорғау саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі көрсетім алаңы болып табылады.
Дала күні аясында Қазақстанның барлық өңірлерінен асыл тұқымды мал тұқымдарының көрсетімдері мен аукциондары өткізіледі.
«Jańa Dala / Green Day» жыл сайын Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС-нің көрсетім алаңдарында, Астана қаласынан 90 шақырым қашықтықта, Астана-Көкшетау автобанының бойында өтеді.
Көрмені ұйымдастырушы – «Expo TIME» қазақстандық компаниясы.
_________________________________________________
«Jańa Dala / Green Day ‘2024» ақпараттық орталығы,
Ринат Тасболатов, 8-701 460 91 82, e-mail: rinat_tas@mail.ru
https://www.instagram.com/jana_dala_greenday/