Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қызыққа толы «Сырлы Сандықтау» - АРҚА АЖАРЫ

Қызыққа толы «Сырлы Сандықтау»

Оқушыларды алқапты аумақтарға бейімдеу, экология мен өлкетануды зерттеуге баулу, туристік дағдыларды дамыту, туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу мақсатында «Сырлы Сандықтау» далалық экспедициясы ұйымдастырылды.

Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындығы орталығы ағымдағы жылдың 26-28 маусым аралығында Балкашин ауылының «Қанағат» қонақ үйі-туристік кешенінің базасында аталмыш экспедицияны өткізді.

Шараға Атбасар, Зеренді, Сандықтау, Бурабай, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласынан бас-аяғы 40 оқушы қатысты. Экспедиция барысында Көкшетау қаласының С.Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің география пәні мұғалімі Мұрат Кәрімжанов «Vernier» құралдарының көмегімен судың және топырақтың сапасын қалай анықтауға болатынын көрсетті. Экспедиция қатысушылары «Қанағат» қонақ үй туристік кешенінің аумағындағы топырақтың сапасына зерттеу жүргізді, яғни оның ылғалдылығы, қышқылдығы, электрөткізгіштігі секілді қасиеттерін зерттеді. Ал, Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының жалпы білім беретін мектебінің биология және география пәндерінің мұғалімі Ләззат Орынбекова өсімдік гормондары және ауксинді қолдану арқылы өсімдіктердің өсуіне зерттеу жүргізді. Балалар өздері өсімдіктің тұқымын ауксинмен және ауксинсіз пакеттерге салып, бірнеше күннен кейін зерттеу нәтижесін көрді.

Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің әдіскері, арнайы пәндер оқытушысы Райхан Нарбаева оқушылармен егін алқаптарындағы топырақтың тығыздығы мен ылғалдылығын топырақ бұрғысының көмегімен анықтады. Егіндіктің арамшөптермен залалдануын анықтап, барлық жағдайды талдап, түсіндіріп берді.

– Оқушылар Сандықтау ауданының флорасы мен фаунасын қызығушылықпен зерттеп, экспедицияға белсенді қатысты. Сонымен қатар, олар бақылау күнделігін жүргізіп, гербарийлер жасады, жорықтардың сипаттамалары мен карталарын сызды, – дейді жоғарыда аталған колледж оқытушысы.

Сонымен қатар, далалық экспедициясының қатысушылары үшін «Экологиялық квест» өткізілді. Әр команда 5 станциядан өтіп, әр деңгейдегі тапсырмаларды маршруттық парақтар арқылы орындады.

Қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификат, ал, жетекшілеріне Ақмола облысы білім басқармасының Алғыс хаттары табыс етілді.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар