Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Адам папилломасы вирусына қарсы екпе салынады - АРҚА АЖАРЫ

Адам папилломасы вирусына қарсы екпе салынады

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне өзгерістер енгізу, адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация туралы баяндама жасады. Брифингте Көкшетау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнәр Балташева мен Ақмола облыстық көпсалалы облыстық аурухананың онкологиялық диспансерінің онколог дәрігері Анар Жармұханбетова қатысып, сөз сөйледі.

«Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 612 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 ақпандағы №102 Қаулысына сәйкеселімізде адам папилломасы вирусынақарсы екпе енгізу жоспарлануда.

– Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстанда адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу жұмыстары басталады. Жаппай екпе салудың негізгі контингенті – 11жастағы жасөспірім қыздар. Олар екпені ата-аналарының жазбаша келісімімен 2024 жылдың күзінде жаңа оқу жылы басталғанда тегін ала алады.  Бұл жас қыздарға жыныстық белсенділіктің басталуына дейін жаппай вакцинациялау мақсатында таңдалды. Қазақстанда жатыр мойны обыры әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар статистикасы бойынша сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Қазақстанда күн сайын жатыр мойны обырының 5 жаңа жағдайы тіркеледі, бұл ретте, осы аурудан күніне екі әйел көз жұмады. Сондықтан, бүкіл әлемдегі онкологтар кейін қатерлі ісік тудыратын Адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауға шақырады, – деді өз сөзінде Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина.

Адам папилломасы вирусынан (АПВ) туындаған аурулар жасырын басталатын, созылмалы тұрақты ағымы бар ауруларға жатады және инфекцияның кіру қақпасы аймағында қатерсіз және қатерлі ісіктермен көрініс табады. Ол адамның ауыз қуысы және жыныс мүшелерінің терісі мен шырышты қабығына әсер ететін вирус. Көп жағдайда бұл инфекция 2-3 жылдан кейін өздігінен өтеді және көбінесе адам бойында ешқандай белгілері байқалмайды. Кейбір жағдайларда, мәселен, АПВ-ның онкогендік түрлері ағзада қалып қойған жағдайда, әртүрлі органдардың қатерлі ісігіне әкеп соқтырады. Ең алдымен, жатыр мойны обырына әкеледі.

–Инфекция қоздырғышының көзі ауру адам немесе тасымалдаушы болып табылады. Вирустың таралуының үш жолы бар – жыныстық, тұрмыстық жанасу және перинаталдық, яғни, анадан балаға беріледі. Әдетте, адамдарда иммунитет әлсіреген сәтте, мысалы, тұмау және басқа жұқпалы аурулардан кейінпайда болады. Денеге бір рет енгеннен кейін вирус иммунитеттің төмендеуіне әкеп соқтырады. Ақмола облысында 2023 жылы жатыр мойны обырының 109 жағдайы, ал, 2022 жылы 87 жағдай тіркелген. Жыл сайын науқастар саны көбейіп барады. Сонымен қатар,бұл аурудан 2023 жылы 36 әйел, 2022 жылы 33 әйел көз жұмды. Екпе – қазақстандық әйелдерді жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуынан қорғаудың заманауи және барынша тиімдітәсілі. АПВ-ге қарсыекпе иық дельтоидына стандартты 0,5 миллиграмм көлемде бұлшықет ішіне енгізіледі. Екпегеқарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дәрігердің қарауынан кейін 6 айдан кейінекінші вакцина салынады, – деді Көкшетау қалалық емханасы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнәр Балташева.

Зерттеушілер 11 жылдан астам уақыт бойы екі валентті және төрт валентті екпелермен егілген адамдарды бақылай отырып, уақыт өте келе, қорғаныс деңгейінің төмендейтіні туралы ешқандай дәлел таппады. Сарапшылардың көбіекпеөмір бойы қорғауды қамтамасыз ете отырып,бірнеше онжылдықтар бойы тиімді болады деп санайды. АПВ қарсы екпе  әйелдердің репродуктивті функциясына әсер етпейді және бедеулікті тудыруы мүмкін емес, бұл әлемнің дамыған елдеріндегі көптеген жылдар бойы жүргізілген клиникалық зерттеулермен дәлелденді. Бұл қоғамда бірде-бір клиникалық дәлелденген фактісі жоқ қате түсініктердің бірі.

– АПВ-ге қарсы алғашқы екпе 2006 жылы тіркелген. Бұл оның осы уақытқа дейін барлық қажетті клиникалық сынақтардан өткенін білдіреді. Қазіргі уақытта сол жылы екпе алғандардың арасында қорғаныс деңгейі төмендемегендіктен, ревакцинация жүргізудің қажеттілігін көрсететін фактілер жоқ. Болашақта ревакцинация (екпенің қосымша дозасын жүргізу) қажет болуы мүмкін екенін білу үшін зерттеулер жалғасуда. Бүгінгі таңда АПВ-ге қарсы екпелер 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді және әлемнің 135 елінде, соның ішінде, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанда жүргізіледі. Бұл АҚШ пен Австралия сияқты елдердің жатыр мойны обырына қарсы ұлттық бағдарламаларына енгізілген екпе болып табылады. Скринингтік бағдарламалармен бірге бұл осы елдердегі жатыр мойны обырының жиілігі мен өлім-жітімге әкеп соғуын айтарлықтай азайтуға көмектесті. АПВ-ге қарсы екпені қазақстандық кестеге енгізудің алғашқы әрекеті 2013 жылы болды. Дегенмен, адамдардың екпеге қарсытеріс пікірлеріне байланысты бағдарлама жабылды. Екпені бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамдар зерттеді және зерттеу деректерінің нәтижесінде елеулі жанама әсерлер табылған жоқ. Ең жиі кездесетін жанама әсерлер екпе енгізілген жердің қызаруы, дене қызуының көтерілуі, бас айналу және жүрек айнуы болды, – деді өз сөзінде облыстықкөпсалалы аурухананың онкологиялық диспансерінің онколог дәрігері Анар Жармұханбетова.

Адам папилломасы вирусына қарсыекпе – қазақстандық әйелдерді жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуынан қорғаудың заманауи және барынша тиімді тәсілі.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар