Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Тобыл Демесінов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жеке тұлғалардың банкроттығы» тақырыбында баяндама жасап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.
Халықтың шамадан тыс несиеленуін төмендету мақсатында «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы қабылданған болатын. Бұл Заң 2023 жылдың 3 наурызынан бастап күшіне енді. «Азаматтардың банкроттығытуралы» Заң жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтарға қолданылмайды. Соттан тыс банкроттық рәсімі тек банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктердіңалдындағыайлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен аспайтынберешегі бойынша қолданылуы мүмкін. Биыл бұл сома 5 907 200 теңгені құрайды).
–Соттан тыс банкроттықты қолдану үшін келесі шарттар тізімі сәйкес келуі керек. Яғни, ортақ меншіктегі мүлікті қоса алғанда, меншік құқығында мүліктің болмауы, арыз берілген күнге қатарынан он екі ай бойы өтеудің болмауы, борышкер орындалмаған міндеттемелерді реттеу және өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі, арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімінің қолданылмауы. Борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызды Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «электрондық үкiмет» веб-порталы (eGov.kz.)және Е-salyq Аzamat, eGov Mobile арнаулы мобильдік қосымшалары арқылы белгіленген нысан бойынша бере алады. Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызынакредиторлардың атауы, берешек сомасы, тұрған жері көрсетілген тізімі, берешекті реттеуді жүргізуді растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі. Азаматтардың берілген арыздары «Таzalau» ақпараттық жүйесіне келіп түседі. Бұл ақпараттық жүйе 24 мемлекеттік органдар мен ұйымдардың деректер базасы арқылы өтініш берушінің банкроттық критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеруді қамтамасыз етеді, – деді Тобыл Демесінов.
Бүгінгі күні облыстың мемлекеттік кірістер органдарына 3 554 соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш келіп түсті, оның ішінде: 394 азамат 580 миллион теңгеден астам берешек сомасымен банкрот деп танылды, 231 азаматқа қатысты банкроттық рәсімдер жүргізілу үстінде, 2 786 өтініш бойынша банкроттық рәсімді қолданудан бас тартылды, оның себептері әртүрлі.
Бас тартудың негізгі себептері, 12 ай ішінде өтеудің болуы мен мүліктің болуы, берешекті реттеуді және өндіріп алуды жүргізу жөнінде шаралар қабылдағанын растайтын құжаттың жоқтығы. Әрине, банкроттыққа ұшырау барлық мәселені шешпейді. Бұл соңғы шара, үмітсіз қарыздан құтылуға мүмкіндік беретін рәсімдердің белгілі салдары бар. Банкроттықтың салдары – банктерден және микро қаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады, банкроттыққа 7 жылдан кейін қайта беруге болады, банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 19 маусымда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойылды.Түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін, міндеттемелер бойынша 1 айлық есептік көрсеткіштен кем төлем қарыз бойынша өтеудің жоқ мерзімін санаған кезде есептелмейді, 12 айдан артық төлемдер болмаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелерді реттеу бойынша шаралар қабылданғанын растау талап етілмейді.
Бұдан басқа, жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, несие шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша рәсімді қолдануларына болады. Сондай-ақ, бірқатар нақты түзетулер қарастырылған. Атап айтсақ, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген кезде кредитор және қарыз сомасы туралы мәліметтерді көрсетпейді, сондай-ақ, өтінішке құжаттарды қоса беруге міндетті емес. Бұл ретте, тиісті рәсімді қолдану үшін жұбайының келісімі қажет. Түзетулер 2024 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енеді.
Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.