Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балалар қауіпсіздігі үлкендердің қолында, осыны ұмытпаған жөн! - АРҚА АЖАРЫ

Балалар қауіпсіздігі үлкендердің қолында, осыны ұмытпаған жөн!

Жалғанда кез келген ата-ана үшін бала тақырыбы – жанды мәселе. Сол себепті де, өмір жалғасы – балалардың алаңсыз, бейқам өмір сүруі аса маңызды. Күні кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттар алаңында «Балалардың жазғы уақытындағы қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг болып өтті.

Жиында сөз алған алғашқы спикердің бірі, Ақмола облыстық білім басқармасының қамқоршылық және қорғаншылық, тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Айнаш Ғалымова:

–Қазіргі таңда біздің басты міндетіміздің бірі балалар арасында қауіпсіз жазғы демалысты ұйымдастыру. Жыл бойы барлық білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жүргізіледі. Әр баланың өмірі мен денсаулығы барлық мемлекеттік органдардың, ата-аналардың және азаматтық қоғамның басты міндеті болып табылады. Бүгінгі брифингтің тақырыбы өте маңызды және өзекті, өйткені, демалыстың басталуымен біздің балаларымызға жолда, су қоймаларында, орманда, ойын алаңдарында, аулаларда көптеген қауіп-қатерлер кездеседі. Жазғы демалыс кезінде бос уақыттың болуы, ең бастысы, ересектердің тиісті бақылауының болмауы салдарынан балалар қиындықтар мен қайғылы жағдайларға душар болады. Біздің бүгінгі мақсатымыз – ересектерге балалар арасында келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін жазғы уақытты ұйымдастыруды еске салу, – деді.

Баяндамашының келтірген мәліметіне тоқталып өтсек, бүгінгі таңда облыста 1-10 сыныптарда оқитын 132 мыңнан астам оқушы бар, оның 17 мыңнан астамы халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары. Білім беру ұйымдары мен балалар сауықтыру орталықтарында судағы, жолдардағы қауіпсіздік туралы, өрттің алдын алу, төтенше жағдай режимінде жүріп-тұру ережелері және терезелерден құлау салдарынан жарақаттанудың алдын алубағыты бойынша күнделікті жұмыс жүргізіледі. Бүгінгі күні барлық лагерьлерде бейне бақылау камералары  мен арнайыкүзетжәне бақылау-өткізу пункттері бар. Ведомствоаралықынтымақтастықшеңберінде балалардыңқауіпсіздігінқамтамасыз ету үшін Ақмолаоблысыполициядепартаментініңқызметкерлерілагерьлергекесте бойынша барып, мән-жайды бақылап тұрады. Әр лагерьде медициналыққадағалаудыжүзеге асыратын жәнеалғашқымедициналықкөмек көрсететін медицинақызметкерлерібар.

БрифингтеАқмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, подполковник Жанат Асылбеков баяндама жасады. Ол өз сөзінде облыстыңсуайдындарындаадамдардыңқазаболуына жол бермеу бойынша тиістііс-шаралар жүргізіліп жатқандығын баса айтты. Басқарма бастығының баяндауынша, соңғыүшжылдашомылукезеңіндеоблыссуайдындарындажазатайым оқиғалар кезінде51адамқаза тапса, оның 19-ыбалалар екен. Шомылумаусымыныңбасынан бастапреспублика бойынша 86өлімфактісітіркеліпті,оның35-ікәмелетке толмағандар.

– Өңірдегі ахуалға тоқталатын болсақ, Ақмола облысында шомылу маусымы басталғаннан бері суда 8 адам қаза тапса, оның ішінде 2-еуі кәмелетке толмағандар. Су қоймасында адамдардыңөлімініңнегізгісебептері –маскүйіндешомылу, балаларды ересектердіңқарауынсызқалдыру, өзкүштерін жете бағаламау және жүзе алмау. Екі жыл ішінде облысөзендерінде11адам суға батып кетті. Көбінесе Сілеті, Есіл,Жабай, Сарқырама, Шнур, Колутон, Қайрақтыөзендеріасақауіптіекендігін аңғаруға болады. Осы орайда, департаментқызметкерлері суда шомылған кезде аса сақтық таныту, әсіресе6 балалардың қауіпсіздігіне баса назар аудару керектігін ақмолалықтар есіне салады, – деді басқарма бастығы.

Қазақ ежелден «Сақтансаң, сақтайды» деген тәмсілді ұстанған. Шынымен де, адамға ауадай қажеттің бірі – сақтық екендігі анық. Жиында сөз алған Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Данияр Мақсатұлы да өз баяндамасында осы мәселені баса айтты.

–Жыл сайын, әсіресе, жазда көп қабатты үйлердің терезелерінен 2 жастан 6 жасқа дейінгі жас балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың саныартып келеді. Ағымдағы жылғы 23 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінде тіркелген мәліметке сүйенсек, еліміздебалалардыңтерезеденқұлауының122 жағдайытіркелген,оныңішінде13 адам қайтыс болды,109-ы әртүрлідәрежедегіжарақаталды. 2024жылдыңөткенкезеңіндеАқмолаоблысыныңаумағындакөпқабаттытұрғынүйлердіңтерезелеріненКөкшетау, Қосшы,Степногорск қалаларыменБурабай,Шортанды,Атбасар,Целиноградаудандарында балалардыңжазатайым жағдайы, яғни, абайсыз терезеден құлауы бойынша 9 жағдай тіркелді. Негізгі себептер жас балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру болып табылады. Бақытымызға орай, жоғарыда атап өткен жазатайымоқиғалардыңішіндеөлімдерегі тіркелмеген. Терезеден құлаукезіндеқаза болу мен жарақаттанудың алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаменті және оныңаумақтықбөлімшелеріоблысөңірлерінде осы мәселеніңалдын алу бойынша белсендіжұмыс жүргізуде. Өткен кезеңде 1474 көпқабатты тұрғын үйлерде 23819 жадынаматаратылып, 36690 адам қамтылды, әлеуметтік желіде 368 жарияланымжарияланды. Баспа басылымдарында 40 жарияланым, теледидарда 2 рет сұхбат беріп, дауыс зорайтқыш құрылғылардың көмегімен халықты 3362 рет ақпараттандыру жүзеге асырылды. Сонымен қатар, білім бөлімдерімен, ПИК және тағы басқа құрылым өкілдерімен 259 іс-шара ұйымдастырылды, – деді Данияр Мақсатұлы.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 19 шілдесінде департамент базасында мемлекеттік органдармен және басқа да мекемелермен облыс аумағында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үгіт-насихат жұмысын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізіліп, оған прокуратура, полиция департаменті, энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, білім басқармасы, «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалыныңөкілдеріқатысты. Онда балалардың жоғалу оқиғаларының алдын алу әдістері талқыланып, бірқатар бірлескен іс-шаралар жоспарланыпты.

Брифинг барысында Ақмола облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Антонина Высочина да баяндама жасап, оқушылардың жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне тоқталып,  оны  егжей-тегжейлі тарқатып айтып берді. Ал, Ақмола облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Әсем Асайынова болса, кез-келген ата-ана өз баласының ғұмыр жолына жауапты екендігін баса айтып, жазғы демалыс кезінде оқушы балалардың қауіпсіздігіне аса абай болу керектігіне тоқталды. Брифингте соңғы уақытта ата-аналар балаларына мопедтер, скутерлер, квадроциклдер, гидроскутерлер, электр скутерлер сатып алып жатқандығы, кейбір жағдайларда жазатайым оқиғалардың осындай көлік жүргізу ережелерін дұрыс қолданбағандықтан болатындығы, тіпті оның соңы өліммен аяқталатын апатқа әкелетіндігі де айтылды.

Иә, баяндамашылар дұрыс айтады. Әрбір ата-ана жиын барысында көтерілген мәселенің маған қатысы жоқ деп пайымдауы мүмкін, дегенмен, жазғы демалыстың сүреңсіз сәттермен бұлыңғыр болмауы үшін бәріміз осыған жауапты екендігімізді ұмытпағанымыз абзал. Мұның бәрі ұлт болашағы үшін.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының»  өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар