Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Баянғали Әлімжанов шығармаларының көп томдығы 30 томға жетті  - АРҚА АЖАРЫ

Баянғали Әлімжанов шығармаларының көп томдығы 30 томға жетті 

Астанадан тағы да сүйінші хабар келді. Қазақтың маңдайына біткен сегіз қырлы, бір сырлы, танымал тұлға Баянғали Әлімжановтың баспадан толық шығармалар жинағының 28, 29, 30-томдары жарыққа шығып отыр.

Белгілі қаламгердің бұдан бұрын жарық көрген шығармалар жинағының 27-томында өзі жастайынан араласқан әдебиет пен өнер саласындағы барлық дерлік еңбектері қамтылған болатын. Одан бері де қазақ әдебиетінің іргелі өкілі шабытына шабыт, қарқынына қарқын қосып, бірталай әдеби-көркем, кәделі дүниелерді жазып тастады. Олар әрине, шығармаларының біз сүйіншілеп отырған жаңа томдарын құрап, толықтырып отыр.

28-томда ақын-жазушының адамның өмір жолы туралы ой-толғаныстары, 29-томда ертегі, тақпақ, пьеса, мақалалары, ал, 30-томда орыс тілінде жазылған екі романы мен бір повесі топтастырылған.

Әсіресе, екі тілде бірдей жазуға машықтанған қаламгердің соңғы отызыншы томына енгізілген орыс тіліндегі шығармаларына тоқталсақ, ол біріншіден, «Правда из Вантерио» сатиралық романы. Шындық жолындағы күресті таңдап алған роман кейіпкері «шындық пен ақиқатсыз қалай өмір сүруге болады?» деп өмірдің мәңгілік шырағына жауап іздейді. Ал, «Судьба и судьба» романының бас кейіпкері пандемия кезінде судьяның үйіне кіріп келіп, әділетсіз сот үкімі үшін есеп беруін талап етеді. «Капля» повесі соңғы тамшы шыдамның да шегі барына әкеп тіреген адам басындағы трагедия туралы аңыз.

Бұл үш туынды қаламгердің шығармалар жинағының отызыншы томына енуімен қатар, Қарағанды қаласындағы «Гласир» баспасынан жеке кітап болып та шығып отыр.

Бұған дейін Мәскеуде «Художественная литература» баспасынан шыққан орыс тіліндегі «Сказ столетнего степняка» романы да жақсы бағасын алып еді. Одан соң да шығармасы Одақ кезінде ең көп таралған «Роман-газета» журналында жарияланып, бауырлас түркі тіліне аударылған араб елдері туралы көлемді жыры осы Түркияның әдеби журналының Палестина халқына арналған кезекті санында жарық көрді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар