Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттің табиғатқа қатысты ұстанымын қолдаймыз - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттің табиғатқа қатысты ұстанымын қолдаймыз

Жер жәннаты – Көкшенің көркем де келісті, айшықты да ажарлы келбетіне айрықша әсем шуақ дарытып, сұлулығын үстейтін, тостағанға құйғандай толықсып жатқан күміс көлдері екендігі даусыз. Бір әттеген-айы, тамаша табиғатты уақытында аялай білмейтіндігіміздің, бардың бағасын байыптай алмайтындығымыздың кесірінен айдындардың жағалауы жүдей бастағаны да шындық.

Сулы, нулы Көкшеде, кең көсілген Қорғалжын даласында айдын шалқар аз емес. 1959 жылы жарық көрген «Тың аймағындағы жерүсті су қорлары» деп аталатын жинақта бір ғана Көкшетау өңірінде үлкенді-кішілі 1515 көл бар екендігі тайға таңба басқандай етіп жазылған. Мамандардың есептеуіне қарағанда, сол қисапсыз көздердің 1320-сының суы тұщы болған екен. Дәл қазір соқаның тісімен жоны жараланып, жотасы жермен жексен болған далада қанша көлдің қалғандығын ешкім тап басып айта алмайды. Міне, табиғатқа деген көзқарасымыз осындай.

Биыл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен көпшіліктің қолдауына ие болған «Таза Қазақстан» акциясы табиғатты түлетуге септігін тигізуде. Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының балық өрістейтін бірнеше көлдерінің жағалауы акция барысында тап-тұйнақтай тазартылып, күл-қоқыстан арылды. Акцияға 760 адам қатысты. Дені еріктілер, табиғат пайдаланушылар.

Жерлестеріміздің төл табиғатымызға деген жанашырлық пейілі жақсы екен әрі  жергілікті атқарушы органдар игілікті істі тиянақты ұйымдастырып, үлгі бола білді. Осындай білек біріктіріп істеген істің нәтижесінде көл жағалауларынан 55 тонна қоқыс шығарылды. Айдындардан заңсыз  салынған жүзден астам ау жиналып алынды.Мұндай аулардың табиғатқа тигізер залалы өте көп.Браконьерлердің осы бір қарекетінен кейін көлдегі балық қырғынға ұшырайды. Кейбір қытай ауларының ұзындығы жүздеген метрге дейін жетеді. Акция барысында жүзеге асырылған бір шаруа осы.

Бар жұмысқа 191 техника пайдаланылды. Жыл бойы күміс көлдің жағалауына жиналып қалған күл-қоқысты тез тазалау осындай мүмкіндіктің арқасында жүзеге асырылды. Көл  жағалауларын тазартып, бітелген бұлақ көздерін аршу, тәртіпке келтіру ісімен бірге адамдардың табиғатқа деген көзқарасын оңалту шаралары да қолға алыныпты. Инспекция мамандары білім ошақтары мен жоғары, орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен оқушылары арасында мазмұнды лекция оқыған. Мемлекеттің табиғатқа қатысты ұстанымын жан-жақты талдап, қоршаған ортаға кеселімізді тигізбей, саф күйінде сақтап қалуға тырысу баршаның парызы екендігін саналарына сіңірген.

Су айдындарын табиғат пайдаланушыларына беру өте тиімді. Олар өздеріне бекітіліп берілген көлдерді күтіп ұстайды әрі жұрт болып жұмылған осындай шаруада айрықша белсенділік танытып, ортақ іске мол үлестерін қосады. Ю.Тимошенко жетекшілік ететін «Интеграция Астана» серіктестігі, А.Люфттің «Бытығай» шаруа қожалығы, жеке кәсіпкер Г.Гусевскийдің ұжымы белсене жұмыс істеген.

Осылайша «Таза су айдындары» акциясы шеңберінде қыруар жұмыс атқарылып, Көкшетау мен Қорғалжынның кең көсілген даласындағы шалқар көлдер, бұлқынып аққан бұлақтар бір тазаланып қалды.

Нығмет ҚАУАШЕВ,
«Есіл» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар