Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жол – тіршіліктің күре тамыры - АРҚА АЖАРЫ

Жол – тіршіліктің күре тамыры

Биылғы жылы жергілікті маңыздағы жолдарды салуға және жөндеуге 66,1 миллиард теңге қаражат бөлініп, 130 жоба жүзеге асырылмақшы.

Қыруар қаржының 15 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, 46,4 миллиард теңгесі облыстық бюджеттен бөлініп отыр. Аудандық бюджеттен 4,7 миллиард теңге қарастырылған. Осылайша тіршіліктің күре тамыры – жол мәселесі оң қырынан шешіліп, сапасы көп-көрім жақсарып қалмақ. Ойға алған шаруа тыңғылықты атқарылып, оңынан оңғарылса, 500 шақырымнан аса жол салынып, бар жолдың кейбір тұсы ішінара жөндеуден өткізіліп, тап-тұйнақтай етілмек.

Құрылыс-монтаж жұмыстары алдын ала екшеліп, түзілген бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Сәл таратып айтатын болсақ, «Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және жөндеу», «Астана қаласына іргелес қоныстанған елді мекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары», «Шеткі аймақтарды дамыту», «Ауыл – ел бесігі», «Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту», «Моноқалаларды дамыту», «Көкшетау, Степногорск елді мекендері мен қалаларының көше-жол желісі», «Аудандық маңызы бар жолдарды салуға және жөндеуге трансферттер», «Жайлы мектептерге кірме жолдарды салу» бағдарламалары жүзеге асырылмақ. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу мен жөндеу» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 20,4 миллиард теңге болатын 23 жобаны жүзеге асыру межеленуде.

Осы шаруа толық атқарылған кезде 100 шақырым жол салынып және жөнделіп, ел игілігіне жаратылатын болады. Күрделі және орта деңгейлі жөндеу жұмыстарына қатысты ірі жобалар автомобиль жолдарының маңызды бөліктерін қамтымақ. Мәселен, Щучинск-Степняк-Уәлиханов бағытындағы жолдың тозығы жеткен болатын. Жолаушылардың арыз-шағымы да көптен бері туындап келді. Бағдарлама жүзеге асырылғаннан кейін бұл бағыттағы жол талапқа сай болмақ. Астана маңындағы, әсіресе, оның шығыс бөлігіндегі Сарыоба станциясы мен Бабатай-Волгодоновка-Береке-Бұлақсай, Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минское, Щучинск-Николаевка-Бурабай-Қатаркөл, Қорғалжын-Арықты-Сабынды,Жақсы-Державинск, Есіл — Свободное-Раздольное, Жолымбет-Шортанды-Пригородное тәрізді бағыттағы жолдар жөндеуден өткізілмек. Бұларада ерекше бір тоқтала кететін жай, Астана маңындағы елді мекендердің жолдарына айрықша назар аударып, талапқа сай ету.

Аудандық және қалалық әкімдіктер 46,7 миллиард теңге қаражат бөліп, 116 жобаны жүзеге асыруды бастап кетті. Жол сапасы жол активтерінің жайын қадағалайтын ұлттық орталықтың бақылауында болмақ. Соңғы уақытта салынған жолдың сапасы жайлы өкпе-реніштің де айтылып қалатыны бар. бөлінген қаржының әр тиыны тиімді жұмсалып, ретімен атқарылуы ең бастысы, жол сапасының талапқа сай болуы басты назарда болмақ. Бұл орайда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жол саласындағы жемқорлықты жою туралы тапсырмасы мүлтіксіз жүзеге асырылмақ. Көлік министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар жемқорлыққа жол бермеу жайын мұқият қадағалап, жол сапасының мінсіз атқарылуын басты назарға алып отыр. Бүгінгі күні облыс әкімдігі мен жемқорлыққа қарсы күрес департаменті сараптамалық талдау жасау бағытында бірлескен бұйрық шығарған. Барлық жұмыс, ынта-жігер сапалы іске бағытталмақ. Бүгінгі күні бұл жұмыс басталып та кетті.

Жол жайын жақсарту мәселесі білім ошақтарының, оның ішінде әсіресе, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыруғада қатысты. 2024-2025 жылдары 15 білім ошағы салынбақ. Үстіміздегі жылы Көкшетау қаласы мен Целиноград ауданында 9 мектеп, сондай-ақ, Аршалы, Бурабай, Целиноград, Шортанды аудандарында да 9 мектепте пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жайлы мектептерге қатынау жолы да жайлы болмақ.

Салаға серпін беру үшін асқаралы міндет жүктеліп отырғанымен, шешімін күткен мәселелер де бар. Республикалық және жергілікті бюджеттің қаражатының жетімсіздігінен кейбір жобалар жеткілікті деңгейде қаржыландырылмай отыр. Бүгінгі күні облыста жалпы құны 200 миллиард теңге болатын жобалар дайындалған. Бұл жобалардың аяқталуы бірнеше жылға созылуы мүмкін. Міне, сондықтан, жаңа жобаларды сәл тежей отырып, қарапайым тілмен айтқанда көрпеге қарай көсілу ойластырылуда.

Көктемгі қызыл су жүрген кезде өңірдің бірқатар жолдары ішінара бұзылды. Оның ішінде республикалық және жергілікті маңыздағы жолдар да бар. Кейін мәселені егжей-тегжейлі тексеріп, есептей келген кезде қырыққа жуық автомобиль жолдарының кей тұстары бүлінгендігі анықталды. Нақтырақ айтатын болсақ, су шайып кеткен жолдардың ұзындығы 20 шақырым шамасында. Үш көпір бұзылды. Жолболды өзенінің бойындағы Жалтыр-Макинск бағытының жетпісінші шақырымындағы көпір, Қима-Терісаққан бағытындағы көпір және Көкшетау қаласындағы Бәйкен Әшімов көшесінің бойындағы көпір бүлінді. Ақмол-Нұресіл-Талапкер бағытында жаңа көпір салынуы керек. Көктемгі су тасқыны кезінде өңірдің 38 елді мекенімен жол қатынасы үзілді. Бүгінгі күні барлық елді мекендердегі көлік қатынасы қалпына келтірілді. Әйтсе де 20 жол учаскесін ішінара жөндеу қажет. Жол қатынасын толық қалпына келтіру үшін қосымша қаржы қарастырылмақ. Облыс әкімдігі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігіне Үкімет қорынан 4,8 миллиард теңге бөлу туралы бюджеттік өтінім беріп отыр. Бұл қаржыға Астрахан, Атбасар, Біржан сал, Бұланды, Есіл, Жарқайың, Жақсы, Сандықтау және Целиноград аудандарында 18 жоба жүзеге асырылмақ.

Бар шаруа уақытылы және тыңғылықты жүзеге асырылған кезде тіршіліктің күре тамыры қалпымен соқпақ.

Владимир КУЛАКОВ,
Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар