Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өткізілуде - АРҚА АЖАРЫ

«Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өткізілуде

Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс полковнигі Манат Бегалин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қауіпсіз сауда республикалық акциясы» жайында баяндап, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

 –Сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде және базарларда өрттердің пайда болуына жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 22-28 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясын өткізуде. Облыс аумағында 51 жаппай сауда объектісі бар. Мәселен, 16 шілдеде Алматы қаласында «Мизам» базарында өрт болды, 17 шілдеде Астана қаласында «Ажар» сауда үйі өртенді. Мұндай жағдайларға жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, волонтерлік ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдары және блогерлермен алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, 2 мыңнан астам адамды қамтыған 230 брифинг пен 28 жиын өткізіліп, 1 мыңнан астам үгіт-насихат материалдары таратылды. Барлық нысандар бойынша жедел жоспарлар мен осы санаттағы өрт сөндіру карталарына түзетулер енгізілді, сонымен қатар, ірі нысандарда өрт-тактикалық оқу-жаттығулар жүргізілуде. Қорытындылай келе, облысымыздың азаматтарына қауіпсіздік шаралары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды тағы бір мәрте ескерткім келеді, – деді өз сөзінде Манат Бегалин.

Азаматтардың өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарағандары үлкен зардаптарға, кейбір жағдайларда зор материалдық шығындарға және ең өкініштісі – адам өліміне әкеліп жатады. Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлілерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар