Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елдос Сметов – дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы - АРҚА АЖАРЫ

Елдос Сметов – дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж жазғы Олимпиадасының алғашқы күнінде-ақ чемпион атанған Елдос Сметовке телефон шалып, оны Олимп шыңын бағындыруымен құттықтады.

– Қазақтың рухын, жалпы, халқымыздың мықты мінезін көрсеттің. Бәріміз сені мақтан тұтамыз. Сөзіңде тұрдың, тамаша жеңіске жеттің, нағыз жігітсің! Сен сияқты жігіттердің арқасында туымыз әрқашанда асқақтап, желбірей берсін. Жаңа жеңістерге жете бер. Саған және отбасыңа аманшылық тілеймін. Астанада кездескенше! – деді Президент.

60 келі салмақта белдескен Қазақстан спортшысы финалда кілем қожайыны франциялық Лука Мхелидзені жеңіп, спорттық мансабындағы үшінші Олимпиадасында алтын жүлдеге қол жеткізді.

Осылайша, Елдос Сметовтың есімі қазақ спорты тарихына алтын әріппен жазылды.

Тараздық татами шебері Елдос Сметов осыған дейін 2016 жылы Рио Олимпиадасында финалға шыққанымен қарсыласына есе жіберіп, күміс медальді жеңіп алған. Ал, 2020 жылы Токиодағы ойындарда Торнике Чкадуаны жеңіп, қола жүлдені еншілеген еді.

Бұл − Париж Олимпиадасындағы Қазақстан қоржынындағы алғашқы алтын жүлде.  Елдостың өміріндегі басты белдесуде жанкүйерлері де тақымын қысып, сәттілік тілесе, қазақ палуаны да бар шеберлігін паш етті десек, артық айтқандық болмас.

Қазақстан үшін Париж олимпиадасы қола жүлдемен басталды

 Нысана көздеуден қазақстандық Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневматикалық мылтықпен он метрден атуда аралас командалық жарыста Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Олар үшінші орынға таласта Германия командасынан басым түсті.

Ислам Сәтпаев пен Александра Ле іріктеу кезеңінде Қытай, Оңтүстік Корея, Германиядан кейін төртінші нәтиже көрсетіп, қола медальға таласуға мүмкіндік алған еді. Бұл бағдарламада алтынды Қытай, күмісті Оңтүстік Корея спортшылары еншіледі.

– Нысана көздеуден Азия чемпионатында, әлем кубогі кезеңдерінде дәл осы бағдарлама бойынша екеуі финалға шығып жүрген. Тек сәттілік жетіспей қалатын. Мысалы, Азия біріншілігінде қола медальға таласып, ұтылды. Міне, соның бәрі артта қалып, ең үлкен жарыс – Олимпиада ойындарында қола медальға қол жеткізді – деді нысана көздеуден Қазақстан құрамасының бас бапкері Ольга Довгун.

Жеңісті жолды Ғұсман Қырғызбаев жалғастырды

Отандасымыз Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

– Бұл менің соңғы Олимпиадам. Жасым 32-ге келді. Сондықтан, бар күшімді осында салдым. 60 келіде сегіз жыл күресіппін. Сол салмақта бұйырмаған Олимпиада жүлдесі 66 келіде бұйырды. Бүгінгі белдесулерге келер болсам, бұған дейінгі барлық сәтсіздіктерімнің есесі қайтты десем, артық айтқаным емес, – деді Париж Олимпиадасының қола жүлдегері.

Жеңісті сәтте дзюдошы бұл жеңісін қазақ еліне, ата-анасы, әйелі мен балаларына арнайтынын жеткізді.

Олимпиада күнделігі: үшінші жарыс күні

Париж Олимпиадасында 28 шілдеде қазақстандықтар спорттың бірнеше түрінен сынға түсті.

Бұған дейін Олимпиада ойындарының алғашқы үш күнінде біздің құрама 1 алтын, 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Бұл жалпы командалық есепте жетінші орынға орнығуымызға мүмкіндік берді.

28 шілдеде пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуде Александра Ле финалға шықты. Ол іріктеуде алтыншы сатыға тұрақтады. Ал, Арина Алтухова бұл сында 17-сатыға жайғасты.

Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден ерлер арасындағы жекелей сынның іріктеуінде Ислам Сатпаев 21 орынды місе тұтты. Ал, Константин Малиновский 32 орыннан көрінді.

Семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Руслан Құрбанов ширек финалында жапон Коки Канодан ұтылып қалды. Ал Эльмир Әлімжанов Федерико Висмараға (Италия) есе жіберсе, Вадим Шарлаимов екінші кезеңде сүрінді.

Бокстан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) алғашқы айқасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері Зейяд Ишаишқа 2:3 есебімен жеңіліп, жарыс жолын ерте аяқтады. Алайда, Айбек Оралбай нигериялық Адам Олаоремен кездесіп, айқын басымдылықпен ширек финалға өтті. Ал, 63,5 келі салмақта Мұхаммедсабыр Базарбайұлы испандық Ойер Ибареччеден басым түсіп, енді 1/8 финалда Тайпей боксшысымен күш сынасады.

Бокстан әйелдер арасында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай алғашқы айналымда Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Джиордана Соррентинодан (Италия) 4:1 басым түсті.

Бадминтоншы Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасының іріктеуінде Кента Нисимотодан (Жапония) ұтылды. Академиялық ескек есуден Владислав Яковлев жұбаныш кезеңіндегі 3-ші алтылықта жарысып, мәреге төртінші болып жетті. Теннистен А.Шевченко 18 жасар чех теннисшісі Я.Меншиктен 0:2 есебімен жеңілді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар