Ақкөл стансасы вокзалында 3-4 тамыз аралығында республикалық «Саламатты Қазақстан» консультативтік-диагностикалық пойызы тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсететін болады.
Бұл күндері таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі 18.00-ге дейін тұрғындар терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, лор, гинеколог, хирург, маммолог, уролог, стоматолог, рентгенолог, кардиолог, дерматовенеролог, психолог, УДЗ дәрігері және эндоскопист мамандар мен функционалдық диагностика дәрігерлері тарапынан тегін көмек ала алады.
Әдетте, өз денсаулығыңызды тексертіп немесе сырқатыңызды анықтап, аурудан айығудың дұрыс жолын қарастыратын мұндай қолайлы мүмкіндік күнде туа бермейді. Міне, сол мүмкіндікті осы күні дәстүрге айналған «Саламатты Қазақстан» пойызы еш ақысыз, сапалы түрде ұсына алады. Олай болса, айтылған күндері Ақкөл қаласында аялдайтын осы «Саламатты Қазақстан» пойызын бетке алуларыңызға болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.