Жуырда Тасөткел ауылында ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналардың қатысуымен жастар арасында «Ұлт тəрбиесі – ұрпақтар сабақтастығында» атты семинар-кеңес өткізілді.
Шараны аудан əкімі Жанболат Хамитов құттықтау сөзімен бастап берді. Іле мәнді әңгіме өрбіп, ауданымыздың қазыналы қарттары, ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, жастар қауымын ұлттық құндылықтарымыздың мән-маңызына бойлатты.
Ұйымдастырушылар шақырылған қонақтарды киіз үй тігіп, қарсы алып, ауылдың тыныс-тіршілігімен жəне этно-ауыл бейнесімен таныстырды. Жастарға бата беріліп, қазақтың салт-дəстүрі, ұлттық ойындары көрсетілді.
Аталмыш шараны өткізу үшін Тасөткел ауылының таңдап алынуы тегін емес. Аталмыш ауыл көршілес басқа ауылдарға қарағанда, шаруашылығы ілгері басып, дамып келе жатқан елді мекендердің бірі. Ерлан Алин басшылық ететін «Темірлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылдыңосы үрдісінеайтарлықтай үлес қосуда. Байқағанымыздай, мұнда ауыл тұрғындарының жартысы орталық жылу жүйесімен қамтылған, көшелеріне асфальт төселген, тазалық шаралары қатаң сақталады.
Сонымен қатар, ауылда тауарлы-сүт фермасы жұмыс істейді. Мұнда пастерленген сүт, қаймақ, құрт, ірімшік, май өнімдері шығарылады. Шараға қатысушылар ауылды аралап, зауыттың жұмысымен танысты. Фермадағы күніне 700 сауындысиырды саууға қуаты жететін автоматтандырылған құрылғыларды көрген ауыл тұрғындары мен қонақтар өз таңданыстарын жасырмады. Мұнда қазіргі уақытта 115 сауынды сиыр байлауда. Барлық санитарлық тазалық шаралары сақталған. Жұмыс процесі автоматтандырылғандықтан, екі адам толықтай барлығын бақылап, қадағалап отыруға үлгереді.
Сонымен бірге, мұнда бие мен түйе сауылып, қымыз бен шұбат та өндіріледі, әрі ауданымыздың дүкендеріне, көрші аудандарға жəне Арқалық қаласына жеткізіледі. Ойсылқара, Зеңгі баба, Қамбар ата, Шопана ата тұқымы осы ауылдан табылады. Ауыл азаматтары ұйымшылдық танытып, елін ойлаған басшыны қолдап, мал шаруашылығында істің көзін тауып отырғаны құптарлық.
Ораз ЗЕЙНОЛЛА.
Жарқайың ауданы.