Ғарифолла ЕСІМ
Академик, жазушы
Эссе
Анам Бижамал жиі айтушы еді: «Қайғысызға қара су да ас» – деп. Балалық шақта бұл сөздің ұлағатын түсінетін шама қайдан болсын. Несіне анам осы сөзді қайталай береді деп жаратпаған сыңайда болатынмын.
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдары, елдегі тұрмыс жүдеуден төмен. Ауыз бөлмедегі қара қазанда үнемі су толы. Қайнаған суға суық су қосып жуынамыз, ішеміз.
Шәйді әп-сәтте қайнататын қазіргідей құрылғылар жоқ. Шәйға суды осы қара қазаннан аламыз.
***
«Қара су» ас болушы ма еді. Анамның айтқысы келгені барға қанағат екен.
Қанағатқа баршама әділеттілік ұялаған. Бүгінгі түсінікке салсам, «қара су» әділетсіздіктің, барып тұрған, сұрқия көрінісі. Бірақ, анам оны қанағатқа санап, шүкіршілік деп «қара суды» Алланың несібесі деп тәуба ететін.
***
Түсінікке ауыр қалайша «қара су» ас болмақ?
Сірә, мұның түп мәнісін коррупционерлерден сұраған жөн болар?! Әлде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап айтқан еліміздегі ішкі өнімнің елу пайызына ие 162 байлардан сұраған жөн бе?
Орташа жалақысы 50 мыңмен күн көріп отырғандардың асы «қара су» емес пе?!
***
«Қайғысызға қара су да ас», бұл бүгінгі заманға мүлдем келмейтін сана және психология.
Еліміздегі 162 бай (соларды тізімге алып қойған жөн болар еді) қайғысыздар. Хакім Абай: «Қайғысыздың бәрі асау» деген.
Қайғының не екенін білмегендердің санасы дүлейлеукеледі. Оныертеде Александр Пушкин «Дубровский» романында Троекуров (жаңа байығандар –нувориштер) образы арқылы терең суреттеген.
Құдай олардан сақтасын!
***
Анамның бес баласы,біздер, бір күн тоқ, бір күн аш құрсақпыз. Жұбайы екінші соғыстың мүгедегі.
Сол кезде керосинмен жағып, тамақ пісіретін «Керогаз» деген құрылғы болатын.
Балалардың үлкеніон үш жастағы Қайрима есімді анамның сұлу қыз баласы аспазшы әйелге болыспақ болып, аңдамай керосин қолымен шашын сипап, өртеніп кетті.
Кейінгі біздер, солай деп естідік.
Жоқшылықта, кедейшілікте, қасірет те бір басында болғанымен, «қайғысызға қара су да ас» – деп мойымай, қайғыға езілмей, қалған біздердің аман-саулығымызды ойлап, өзін-өзі қайрауы, тәубаға келуі, анамныңосы қайсар мінезін ерлікке санаймын.
P.S. Анамның «қайғысызға қара су да ас» дегені барға қанағат етуі.
Әйтпегенде, тәйірі, «қара су» ас болушы ма еді?!