Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Халықтық»  атағын таңдаулылар алады - АРҚА АЖАРЫ

«Халықтық»  атағын таңдаулылар алады

Қазіргі  уақытта  Ақмола  облысында мәдениет және өнер саласында әртүрлі жанрлық бағытта 1884 шығармашылық ұжым жұмыс істейді,олардың қатарында 22 777 өнер адамы бар.

Көкшетау ежелден өнер тұнған қасиетті өлке. Ілкіден жалғасып келе жатқан осы үрдіс өзінің заңды жалғасын табуда. Өңіріміздегі халық шығармашылығының барлық жанрлары мен бағыттары бойынша, әсіресе, вокалды-хор, хореография, фольклорлық ұжымдар мен отбасылық ансамбльдер жанрында  өсу үрдісі байқалады.

Облыстық халық шығармашылығы орталығыоблыстық, аймақтық, республикалық деңгейде байқаулар мен фестивальдерді жүйелі ұйымдастыруда. Атап айтар болсақ, жыршы-термешілер, қобызшылар, би, ән байқаулары, мүшәйра, айтыс, сонымен қатар балалар айтысы да көрермен ықыласына бөленуде.

Облыстық мәдениет басқармасының берген ақпаратына зер салсақ, өңірімізде 111 ұжым «Халықтық» және «Үлгілі» атағына ие, оның 33-і ауылдық  ұжым.Осы89 «Халықтық»,22 «Үлгілі»өнер  ұжымдарына жалпы саны 3117 адам тартылған, оның 763-і ауыл тұрғындары.

Ал, облыстағы хореографиялық ұжымдардың ішінде «Халықтық» және «Үлгілі» атағына 37 би ансамблі ие, оның 9-ы ауыл өнерпаздары. Бұл жанрдың оң серпіні Атбасар, Целиноград, Сандықтау, Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Зеренді аудандарымен Көкшетау және Степногорск қалаларында байқалады.

«Халықтық» атағына ие 38 вокалды-хор ұжымы бар, оның10 ұжым ауылдық жерлерде жұмыс істеуде.

Сахнаның сәні болған фольклорлық ұжымдар туралы сөз бөлек. Мұндай құрметке ие 20 фольклорлық ұжым бар. Бұл жанр түрі,  әсіресе, Ақкөл, Атбасар, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Зеренді, Целиноград, Сандықтау және Жарқайың аудандарында жақсы дамыған.

Ақмола облысында өз өнерін халыққа 2068 адам тартылған 191әуесқой көркемөнерпаздар ұжымы паш етуде. Атбасар және Жақсы аудандарында 2 үрлемелі аспаптар оркестрі, Бұланды ауданында «Виртуоз» халықтық цирк студиясы,  Степногорск қаласында «Радуга», Бурабай ауданында «Лира» халықтық  поэзия студиясы жұмыс істейді. Бұдан басқа, өңірімізде 45 халық аспаптары оркестрі бар. Олардың 4-еуі «Халықтық» атағына қол жеткізген.

Биылғы жылы тағы даосындай өнерлі 13 ұжым «Халықтық» және «Үлгілі» атағына ұсынылды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар