Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Үлгі ауылында ілкімді істер бар - АРҚА АЖАРЫ

Үлгі ауылында ілкімді істер бар

Қазақстан Респбуликасының Президенті ҚасымЖомарт Тоқаев  тиісті мемлекеттік құрылымдардың басшыларына «Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы» аясында 5 жыл ішінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Бүгінде сол тапсырманы орындау шеңберінде аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімдігінің берген мәліметіне сүйенетін болсақ, қазіргі таңда аудан бойынша орталықтандырылған сумен 14, ал, орталықтандырылмаған сумен 20елді мекен  жабдықталған. Соңғы үш жылда 20 су тарату пункттері орнатылып, 3 елді мекен суды тазартуға арналған сүзгілері бар блоктық модульдермен қамтамасыз етіліпті.

Қазіргі таңда Үлгі ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, ауыл ішіне су желілерін тарту жұмыстары да  аяқталуда. Сонымен қатар, сорғы станциясының алаңын салу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстарды «Байсын-А» серіктестігі жүзеге асыруда.

Үлгідегі тағы бір ілкімді істің бірі – мемлекеттік «Ауыл – ел бесігі» жобасыаясында ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізілді. Жөндеу аясында мәдениет үйінің толығымен ішкі және сыртқы келбеті өзгертілді.
Аспалы төбе, жаңа терезелер, жарық шамдары орнатылып, еден ауыстырылды. Бұрын қолданылмаған екінші қабатқа да жөндеу жүргізіліп, енді сол жерде арнайы жұмыс бөлмелері орналастырылған. Ендігі кезекте бұл нысан осы ауылдың тұрғындардың көзайымына айналған рухани мәдениет ошағы болары анық.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар