Нариман Құрбанов – Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері

Париж Олимпиадасында қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов тұтқалы ат жаттығуында күміс жүлдеге ие болды.

Бұл – Қазақстанның гимнастикадан Олимпиада ойындары тарихында алған ең алғашқы медалі.

Қазақстандық Нариман Құрбанов жаттығуды ең бірінші болып орындап, 15.433 ұпай еншіледі. Ол қиын жаттығуды сәтті орындап шықты. Осылайша Құрбанов өзінің мансабында айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ол осыған дейін Ташкентте өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Сонымен қатар, екі рет әлем чемпионатының жүлдегері болған.

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов өзінің спорттағы үлкен жетістікке қол жеткізетініне көпшілік күмәнмен қарағанын да жасырмады.

– Көпшілік менің спортта үлкен жетістікке жететініме сенбей, әкеме менен ештеңе шықпайтынын жиі айтатын. Сосында болар, медаль дәмін сезініп үлгерген жоқпын. Ол жағын елге оралып, спорттық гимнастикаға қатысы бар адамдардың қолдауын, құттықтауын көргенде барып түсінетін шығармын. Олимпиададан жүлде алу бала кезден бергі арманым емес. Тек 18 жасыма қарай осыған асыға бастадым. Алдыма мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін тынбай жұмыс істедім. Елімізде менің жеңісімді қалай қабылдағанын, халықтың қалай қуанып жатқанын жақсы түсінемін. Қазір бұл медальді ұстағаннан гөрі, отандастарымның қуанышын көру мен үшін бақыт, – деп тебіренді Құрбанов.

Париж Олимпиадасында Қазақстан қазірге дейінбір алтын, бір күміс және екі қола медаль еншіледі. Қоланы дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев және нысана көздеуден Ислам Сатпаев пен Александра Ле командалық жарыста жеңіп алған еді. Тағы екі боксшымыз Назым Қызайбай мен Нұрбек Оралбай бокстан финалдық ақтық сынға жолдама алып, кемінде күміс жүлдегер атанып отыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар