Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қуыршақтарға ұлттық киім тіккен Елена - АРҚА АЖАРЫ

Қуыршақтарға ұлттық киім тіккен Елена

Аудан орталығы Балкашино ауылындағы 1 мектептің түлегі Елена Габидулина жастайынан қазақтың ұлттық киімдері мен әшекейлерін тігуге машықтанған өнерлі қыз.

– Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері мені өзіндік ерекшелігімен және сұлулығымен баурап алды. Мен осыған байланысты меткеп қабырғасында жүргенде екі зерттеу жобасын жаздым. Бірінші жұмысым заманауи бұйымдармен көрпе жасау және бұйым мотивтерін қолдануға арналған болса, екінші жобам сәукеле туралы. Өз жұмысымда осы бас киімнің сұлулығын жеткізуге тырыстым, сәукелені заманауи түрде жасап бас киімдегі бұрынғы кездің өзіндік ерекшелігін жеткізуге тырыстым. Осы жұмысыммен облыстық байқауда жүлделі үшінші орынға ие болдым», – дейді Елена.

Елена Габидулина бірінші сыныптан бастап оқу үздігі. Осынау «Менің ұлттық көйлек киген қуыршақтарым бірнеше рет ауданымыздың көркемөнерпаздар көрмелеріне қатысты. Мұғалімім Марина Бальденің жетекшілігімен көркем еңбек сабақтарында тігін дағдыларын үйрендім. Қазақтардың сәндік-қолданбалы өнерінің тарихын зерделеу маған бұйымдар жасауға шабыт береді. Бұл менің кішкентай хоббиім, оны әрі қарай жалғастыруды ойлаймын» деген жан толғанысы да жаныңды елжіретеді.

Тағы бір ерекше екпін түсіре атап өтерлігі, Елена бірнеше тілді меңгерген. Сонымен қатар, ол суретті де жақсы салады. Бейнелеу өнері бойынша бірнеше рет аудандық және облыстық байқаулардың жеңімпазы атанып отыр. Қазақтың төл өнерін насихаттап жүрген таудай талабы бар Еленаға өнерің өрге жүзсін дейміз біз де!

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар