Бұландыда көктемгі су тасқынының зардаптарын жою және зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу жұмыстары тиісті назарда ұсталуда.
Жалпы, облыс бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жүйелі жалғасын табуда. Бұланды, Есіл және Жарқайың аудандарында 166 зардап шеккен отбасылардың тұрғын үйлері бойынша құрылыс жұмыстары жоспарланған. Нақтырақ айтсақ, Бұланды ауданында су тасқынынан зардап шеккен 115 үй бар. Бүгінде Вознесенка ауылында 16 үйдің құрылыс жұмыстары басталған. Оны «МарСам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз міндетіне алып отыр.
Қазіргі уақытта осы үйлердің орнын дайындау және іргетасын құю сияқты бастапқы жұмыстарымен айналысу қолға алынуда. Бұл үшін учаскеге қазіргі уақытта үш арнайы техника және 25 жұмысшы тартылған. Дайындық жұмыстары аяқталғаннан кейін қосымша жұмыс күші жұмылдырылады деп күтілуде.
Жуырда бұл ауданға жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жоспарланған кестеден ауытқымай, құрылыс жұмыстарын уақытылы аяқтауды тапсырған болатын.
Бұл ретте, тез арада инфрақұрылымды тез арада қалпына келтіру және тұрғындарды жаңа баспанамен қамтамасыз ету кезек күттірмес міндеттің бірі болып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.