Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына құрылыс жабдықтарын дайындайды - АРҚА АЖАРЫ

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасына құрылыс жабдықтарын дайындайды

«Kokshe Building Serviсe» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақмола облысының құрылыс нарығында он жылға жуық уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын түрлі темірбетон бұйымдарын өндіреді және сатады, сондай-ақ тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар салуға маманданған. Өндіріс орны темірбетонның ең ірі өндірушілерінің бірі. Компания өнімі тек Ақмола өңірінде ғана емес, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында, Астана қаласында да сұранысқа ие.

2023 жылдан бастап компания «Жайлы мектеп» жобасының қатысушысы болып келеді.

–«Жайлы мектеп» жобасы бізге экономикалық өсу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты, өйткені, жобаның маңызды басымдықтарының бірі тауарлар мен қызметтерді отандық өндірушілерді қолдау болып табылады. Ал, «Атамекен» Ұлттық палатасы құрылыс салушы компаниялар мен жергілікті өндірушілер арасындағы байланыстырушы буын болып отыр, – дейді аталмыш темірбетон бұйымдары зауытының директоры Қонысбай Мұқанов.

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Расул Сыздықовтың айтуынша, ауқымды жобаның барлық қатысушылары – құрылыс компаниялары, мердігер ұйымдар, құрылыс материалдары мен жабдықтарын өндірушілер. Олар құрылыстың, оның ішінде әлеуметтік нысандардың үлкен тәжірибесі бар кәсіпорындар.

Еске салсақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы апатты нысандарды, үш ауысымды оқу және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған. Бұдан басқа, жобаны іске асыру білім беру қызметтерінің сапасын арттырады, өңірлер, ауыл және қала арасындағы білім беру үдерісіне қатысушылардың жабдық, зертханалар, интернет, жалпы оқу орындарындағы қолайлы жағдайларға қолжетімділігіндегі теңгерімсіздікті жояды деп күтілуде.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар