Астрахан ауданының прокуратурасы ауданның мемлекеттік мекемесінде 92 қызметкердің еңбекақысы үшін жалпы сомасы 5,2 миллион теңгені құрайтын берешек қалыптасқанын анықтады.
Сонымен қоса, 31 қызметкерге 3,3 миллион теңге көлемінде еңбек демалысы үшін төлемдер төленбеген.
Осы тұрғыда қолданылған шаралардың нәтижесінде қалыптасқан қарыздар толық көлемде өтеліп, мемлекеттік мекеменің басшысы және аудан әкімінің орынбасары жауапкершілікке тартылды.
Осылайша, аталған азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау қамтамасыз етілді.
Ақмола облысының прокуратурасы.