Тренингтің пайдалы қырлары

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының жастар-ресурстық орталығы тамыз айының 3-інен 12-сі күндері аралығында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу шараларын жүзеге асыруда.

Ол республикалық онкүндік ұлттық күнтізбесі аясында өтеді.  Өткен жексенбі күні жастардың өзін-өзі дамуын ынталандыру мақсатында әскери-техникалық мектепте орталықтың әлеуметтанушы-психологы Үмітжан Құсмаған өмірлік маңызы бар дағдылар бойынша тренинг өткізді.Аталмыш тренингке 80-ге жуық адам, атап айтқанда, әскер жасындағы жастар қатысты. Әр қатысушы мол әсер алып, қызығушылық танытты.

–Топпен жұмыс жасауға, өз дағдыларын дамытуға септігін тигізетін тренинг қатысушыларға пайдалы болды деген сенімдемін, – дейді өз сөзінде Үмітжан Құсмаған.

Алдағы Жастар күнін мерекелеу осы сияқты басқа да маңызды шаралармен өз жалғасын табады.

«Арқа ажарының»өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар