Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
10 тамыз – Абай күні - АРҚА АЖАРЫ

10 тамыз – Абай күні

Бүгін – Абай күні!  10 тамыз – ұлт руханиятының темірқазығы Абай Құнанбайұлының туған күні. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы Қаулысымен 10 тамыз Абай күні болып бекітіліп, мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді.

Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан өңірінде дүниеге келген. Ұлы ақын, ғұлама, ойшыл, ағартушы, аудармашы, композитор, қазақ халқына біткен бірегей тұлға Абай Құнанбайұлының туған күні ұлтымыз үшін ұлық мереке саналары сөзсіз.

«Абай күні – ғылым мен білімнің шырағы жанған күн» деп бекер айтылмаса керек. Абай – тұтастай адамзат ой-танымын жаңғыртуға жол сілтеген шамшырақ, әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Абай сөзі – қазақтың бойтұмары. Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады», – деп дара перзенттің даналық орнын айқындап көрсеткен еді.

Расында ұлы ақын өз шығармаларында насихаттаған еңбексүйгіштік, білімге деген құштарлыққа, ізгілік пен парасатқа зейін қойып, тәрбие алу – әрқайсымыздың парызымыз. Хакім Абай айтқан ізгі құндылықтар өміршеңдігін жоймақ емес.

«Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған?» деген сөзімен өзіне ескерткіш қалап, ұрпағына өшпес өнеге, өлмес білімді асыл мұра етіп қалдырған ұлы Абай әлемі – шексіз әлем.

Біз Хакім Абайға, ұлт мәдениетіне құрмет көрсетуді жалғастыра береміз. Жаңа заманның, өркениеттің бастауы болған, қоғамдық сананың ілгерілеуіне қызмет еткен Абай болмысы қашанда үлгі. Баршаңызға рухани мереке – Абай күні  құтты болсын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар