Азаматтардың мәселелері  бойынша тиісті тапсырмалар берілді

Ақмола облысының әкімі Марат  Ахметжанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында тұрғындар әлеуметтік қамсыздандыру, абаттандыру және тағы басқа  мәселелерді ортаға салды.

Қабылдау соңында өңір басшысы азаматтардың өтініштері назардан тыс қалмайтынын атап өтті.  Барлық көтерілген мәселелер белгіленген заңнамалар шеңберінде өз шешімін табатын болады.

Сондай-ақ, қабылдауда Марат Ахметжанов мемлекеттік органдардың басшыларының назарын халықтың проблемаларына жете көңіл бөліп, уақытылы шешу қажеттігіне аударып, тиісті тапсырмалар берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар