Қайырымдылық – халқымыздың басты қасиеті

Халықаралық Жастар күнін мерекелеудің онкүндігі аясында «Мейірімділік мекені» тақырыбында облыстың қарттар және балалар үйлерінде қайырымдылық акциялары өткізілді. Аталмыш іс-шарада облыстық жастар-ресурстық орталығы «Доброе сердце», «Лидер кз» қоғамдық қорларымен бірлесіп,  жалғыз басты қарт адамдардың және көпбалалы аналардыңүйіне барып, азық-түлік себеттерін таратты.

Жыл сайын еріктілік қызметі біздің елде де танымал болып келеді. Бүгінгі күні еріктіге өз қабілетін жүзеге асыра алатын көптеген бағыттар бар.Ең кең таралған бағыт әлеуметтік еріктілік болып табылады. Бұл мүгедектерге, қарттарға, жалғызбасты адамдарға, жетім және мүгедек балаларға, халықтың басқа санаттарына көмек көрсету. Бұл ретте, еріктілік оқушылар мен студенттердің тәрбиесіне үлкен әсер етеді. Себебі,мұның белсенді өмірлік ұстанымның қалыптасуына және интеллектуалды даму деңгейінің жақсаруына ықпалы зор.

– Қарттар – біздің асыл қазынамыз. «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп дана халқымыз әу бастан-ақ айтып кеткені бәрімізге аян. Өмірдің бұралаң жолында, даналық соқпағын қалдырған қарттарымыз біздің баға жетпес асыл қазынамыз емес пе. Өйткені, өткен шақты екшеп, ертеңіңді болжап беретін, ақыл да, өнеге де осы жандардың бойында тұнып тұр. Сондықтан, оларға деген сый-құрмет ешқашан бітпесі анық. Бүгін біз Жастар күні қарсаңында, ұлттық онкүндік аясында, қаламыздағы жалғыз басты қарттарымыз, тыл ардагері және көпбалалы аналардың үйіне барыпазық-түлік себеттерімен гуманитралық көмек көрсетуді жөн көрдік.Аталмыш акция волонтерлермен бірлесе жыл сайын өткізіліп отырады, – деді өз сөзінде Ақмола облысы «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманы Дидар Хамзин.

Айта кетейік, қайрымдылық акциялары қоғамға пайдасы барізгі іс. Волонтерлерімізбен мейірімді жандарымыздың арқасында көптеген мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қарттарға,өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға үлкен көмек пен қолдау көрсете отырып, өскелең ұрпаққа да игі үлгі-өнеге көрсетеміз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар