Қар суын өткізетін құбыр орнатылмақшы

Бүгінгі таңда 2025 жылғы ықтимал су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары бойынша Ақмола облысының кешенді жоспары дайындалып, іске асырылуда.

Баршамызға белгілі, биыл еліміз бойынша бұрын-соңды болмаған қатты су тасқыны орын алып, соның салдарынан күрделі табиғат апатының зардаптарын тартқанымыз рас. Тұрғындардың бірі үйінен айырылса, енді бірі малынан, жиған-тергенінен айырылып аһ ұрды. Соның бәрінде Мемлекет басшысы облыс, аудан әкімдері«бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып»,халықпен бірге бола білді. Енді міне, келесі жылы да осы қиыншылық қайталанбас үшін аудан орталығыЕсіл қаласындағы Әуезов және Абылай хан көшелерінің қиылысында қар, жаңбыр суын өткізетін құбыр орнату жұмыстары басталып кетті.

Қазір мұнда бас мердігер «Оазис» жеке кәсіпкершілігі диаметрі 1 метр темірбетон құбырын орнатуға кірісіп жатыр.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар