Табиғатқа адам жаны мен жүрегінің жылуы керек

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Ақмола облысы бойынша экология департаменті өңірдегі 110 кәсіпорынға жоспардан тыс 28 тексеріс пен профилактикалық бақылау жүргізген.

Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 13,1 миллион теңгеге  47 әкімшілік айыппұл салынып, өндірілген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте департамент басшысының міндетін атқарушы Ержан Ахметов жеткізді.

Басшының айтуынша, департамент тарапынан мемлекеттік қызметтің 4 түрі электронды түрде көрсетіледі. Жыл басынан бері 224 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қызмет түрлері мынадай: бірінші санаттағы объектілер үшін экологиялық рұқсаттар беру, көзделіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерлерін скринингті қамту қорытындысы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындыларын беру.

– Департамент жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде жер мен судың ластануы орын алған Щучинск қаласында Институт шағын ауданындағы жер бедеріне мұнай өнімдерінің төгілу фактісін анықтады. Тексеру нәтижелері бойынша «Жаңа Тұрмыс-2020» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 324-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, «Қосшы-Су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорны да дәл осы бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға ремедиация бағдарламасын әзірлеуге нұсқама берілді, – деді өз сөзінде Ержан Ахметов.

Сонымен бірге, департамент мемлекеттің экологиялық саясатын ұйымдастыру және орындау, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамасының талаптарын түсіндіру, өңірдің барлық тұрғындарына экологиялық ағарту және тәрбие беру жұмыстарын жүргізді.

– Аумақтарды тұрмыстық қоқыстардан тазарту, көшеттер отырғызу, көлдер мен өзендердің жағалау аймақтарын тазарту бойынша «Таза жағалау», «Таза төбешік», «Таза қала», «Жер сағаты» акциялары сияқты түрлі экологиялық шаралар ұйымдастырылуда.Бұл акциялардың барлығы Халықаралық жер күні, Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында өткізіледі. Жыл сайын 5 маусымда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында қоршаған ортаға арналған «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» тақырыбында балалар суреттерінің өңірлік байқауы өткізіледі, – деді әрі қарай департамент басшысының міндетін атқарушы.

Оған қоса, ол зертханалық-талдауды бақылау бөлімінің жұмыстарына да тоқталды. Бұл ретте, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында іріктелген сынамалардың жалпы саны 155. Олардың 26-сы су ресурстарын бақылау, 121-і атмосфералық ауаны бақылау, қалғандары топырақ пен радиациялық бақылау салаларында жүргізілген.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар